Қаз   Рус

"Кеншілердің талабы орынды"

224 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Вторник, 12 Дек 2017, 11:00

Бұрынғы депутат Мұхтар Тінікеев ереуілдегі шахтерлерге қолдау көрсетті

Кешелі бері Қарағандыда еңбекақыларын көтеруді талап етіп, жер астынан шықпай отырған кеншілер мәселесі әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Қолданушылардың көбісі шахтерлар талабын орынды деп отыр.

Оқи отырыңыз
Шахтерлердің ереуіліне туыстары қосылды

Солардың бірі шахтерлар отбасында өскен, экс-депутат Мұхтар ТІНІКЕЕВ.

«Мен кеншілердің көтеріп отырған талабын әділ деп санаймын. Ресейдің Кривой Рог қаласындағы өндірісінің жұмыскерлері осындай талап қойғанда «Арселор Миталл» компаниясы біздің де шахталарға да назар аудару керек еді. Инвестор тек оларға ғана көтерді жалақысын! Сонда ол ереуілге шыққандарға ғана көтере ме? Екінші қоңырау , «Қазақмыс» компаниясының кеншілерінен де талап қойылды. Сонда "Арселор Миталл" «прокатит» деп ойлады ма?»,  -

деп жазды ол.

Қарағанды облыстық әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше кешке кеншілердің туыстары компания басшыларымен кездескен. «11 желтоқсан күні 19:30- 21:30 уақыт аралығында Шахтинскідегі кеншілердің отбасы мүшелері облыс әкімінің орынбасары және «АрселорМиталл Теміртау» АҚ өкілдерімен кездескен болатын. Кеншілердің туған – туыстарына қалыптасқан жағдай туралы, сонымен қатар, қойылған барлық  сұрақтарға түсініктеме берілді», делінген таратылған хабарламада.  

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 11 желтоқсан күні таңертең түнгі ауысымнан кейін «Тентек», «Шахтинск», «Қазақстан» мен «Ленин» шахталарының кеншілері жер астынан шықпай қойған. Олардың негізгі талаптары: жалақыны 100 пайызға көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартып және зейнетке 50 жаста шығару.

Алайда, компания басшылығы мен жұмыскерлердің мүддесін ортаға салатын «Қорғау» көмір кеншілері кәсіподағының арасындағы өткен келіссөзде еңбекақы кезеңмен 20- 30 пайызға ғана көтеріледі деп айтылды. 

Дегенмен, кеншілер жалақылары 100 пайызға көбеймегенше, наразылық акциясын жалғастыра бермек.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера