Қаз   Рус

Әкімге сауал қойғысы келген белсенділер "тұтқындалды"

3097 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Среда, 21 Фев 2018, 13:30

Олар Бауыржан Байбектің жеке байлығына қатысты сұрақтарды да қойғысы келген

Әкімнің халыққа есеп беру жиынына шыққан қоғамдық белсенділер «тұтқынға» алыныпты  

Бүгін сағат 10.00 де Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК қала халқының алдына шықты. Дәстүрлі шара жылдағыдай Республика сарайында ұйымдастырылып, көпшілік сол жерге жиналды. Алайда, әкімнің қала халқына есеп беру жиынына барлық адам кіре алмады. Орынның жоқтығынан емес ыңғайсыз сұрақ қояды-ау дегендер бұл шарадан тыс қалып қойған.

Оқи отырыңыз
Бауыржан Байбек атына ықшам аудан беру ұсынысын комиссия қарайды

Құқық қорғаушы Виктория ТЮЛЕНЕВА Facebook әлеуметтік желісінде  «Көк жайлау» қоғамдық қозғалысының мүшелері де бұл кездесуге бармақшы болғанын жазады. Қоғамдық белсенділер жемқорлық, құрлыс нысандары мен жаппай ағаштардың шабылуы туралы сұрақтар қоймақ болған екен. Бірақ Абай ЕРЕКЕНОВ пен Андрей БУЗЫКИН сауалдарын қоймақ түгілі Республика сарайына жете алмаған.

Сағат таңғы 7.30 шамасында Абай Ерекеновтың домофонына белгісіз адамдар хабарласыпты. Өздерін жол полициясымыз деп таныстырғандар іздеудегі авто сіздің көлікке ұқсайды деп, Абайдың пәтеріне кірмекші болыпты. Таң атпастан жүрген бейсауыт «қонақтар» кіріп-шыққан көршілер арқылы подъездге еніп, ішке кіруге тағы да әрекеттенген. Күдігі тіптен ұлғайып кеткен қоғамдық белсенді есігін ашпаған.

Айтуынша, оның үйінің маңайын әлі де белгісіз адамдар торып жүр. Қазір ол адвокат шақыртып қойыпты. Бұл «таңғы шоу» әкімнің халыққа есеп беру жиынына жиналған Абай Ерекеновтың жолын бөгеу үшін жасалған. Бәлкім Республика сарайындағы «қойылымды» тек мемлекеттік қызметкерлер (мұғалімдер, дәрігерлер, әкімдік қызметкерлері, полиция) ғана көрулері керек болған шығар. 

Бұл әкімнің халық алдында есеп беру жиыны. Мен қала тұрғыны ретінде өз сауалымды қойғым келді.Сол жиынға барғым келді. Алматы әкімдігіндегі жемқорлық пен өзі және отбасы жайлы да сұрағым бар еді. Әкімнен аз уақыттың ішінде қалай байып алғанын сұрағым келген. «Алматы паркинг» ақылы автотұрақ және Көк жайлау хақында да сұрамақшы едім. Бірақ оған жеткізбеді. Әкімдік әкімге ұнамайтын сауалдар қойылмау үшін осындай қитұрқы әрекетке барды. Полиция қызметкерлерін өз мүделері үшін пайдаланып отыр, - дейді «Көк жайлау» қоғамдық қозғалысының мүшесі Абай Ерекенов.  

Суретте Андрей Бузыкин және Абай Ерекенов.

Ал Абай Ерекеновпен салыстырғанда  Андрей Бузыкин үйінен шығып үлгеріпті. Әйтседе, дәл бүгін тым қырағылық танытқан полиция Андрейді құжатын тексеру үшін тоқтатып, Медеу аудандық ІІБ-на алып кеткен.

Ешқандай да себепсіз бізді полиция басқармасына алып келді. Біз Көк жайлаудағы құрлысқа қатысты сұрағымызды әкім Бауыржан Байбекке қою үшін үйден шыққанбыз. Әйеліміз екеуімізді үш сағат ұстады. Түсініктеме жаздық. Жуық арада Алматы қаласы ІІД-нің ішкі қауіпсіздік қызметіне шағым түсіреміз, - деді Андрей Бузыкин Ratel.kz тілшісіне.

Ақпараттық агенттіктердің хабарлауынша Бауыржан Байбектің есеп беру жиыны сәтімен басталған. Көлеңкелі экономикамен күрестің және кең ауқымда легализацияның жүргенін айтыпты. Қала басшысының айтуынша, «Көк жайлау» жобасында жеке меншік коттедждерді салу жоспарда жоқ екен.

Фото: Total.kz, Facebook.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.