Қаз   Рус

Мұғалім Гүлжан Сәлімбаева сотта жеңіп шықты

21844 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Среда, 24 Янв 2018, 18:00

Енді шымкенттік ұстаз әкімдік және білім басқармасымен соттасып жатыр

Бүгін, 24 қантарда Шымкенттегі әл-Фараби аудандық соты қаладағы №38 мектептің мұғалімі Гүлжан СӘЛІМБАЕВАНЫҢ үстінен түсірген мектеп директоры Айман ЖҮСІПОВА мен оның орынбасарлары Дана АСЫЛБЕКОВА, Айжамал ҚОЗЫБЕКОВАНЫҢ шағымын қанағаттандырмай тастады. Шағымданушылар мұғалім мектеп әкімшілігінің абыройына нұқсан келтірді деп әр қайсысы 500 000 мың теңгеден және моральдық шығын келтірді деп 1 млн 500 мың теңге өндіріп беруді судьядан сұраған. Бұл дау Гүлжан Сәлімбаева былтырғы жылы «міндеттен тыс жұмысқа тартылғаны» туралы мәлімдегенде басталған.

Ұстаз әуелі президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА видео арқылы шағымданған еді.

Судья Б. АХМЕТОВ мұғалімге тағылған айыптарды негізсіз деп тапты.

- Соттың шешімін естігенде қуандым. Әділдіктің жеңетіне көзім жетті. Күресуге болады екен. Менің бар айтқаным бала оқытуға мүмкіндік берілмейтіндігі. Барлық ұстаздардың проблемасы ғой. Мұғалімдер өз міндетіне кірмейтін жұмыстарға шегілетіні рас. Кеше ауруханаға түсіп қалғанмын. Неврология бөліміндемін.Сондықтан да бүгін сотқа қатыса алмадым. Былтырдан бері жалғасып келе жатқан сот отырысы жүйкеге тиді. Қазір көңіл-күйім жақсы. Бес күннен кейін соттың шешімі қолыма тиеді. Сол кезде тіптен көңілім орнығады деп ойлаймын, - деді Ratel.kz тілшісіне Гүлжан Сәлімбаева.

Ең алғаш  Гүлжан Сәлімбаеваның үстінен түскен шағымға байланысты сот процессі 2017 жылы 19 мауым күні Еңбекші аудандық сотында басталған. Сот төрт ай жүргенімен судья Қайрат ІЗБАСАРОВ 21-ші қыркүйек күні шағымданушылар талап арызды  қайтарып алған соң іс қарауға жатпайды деп ұйғарған.

Мұғалімнің қоғамдық қорғаушысы Маржан АСПАНДИЯРОВА бұл іске сол кезде нүкте қоюға болар еді дейді.

«Гүлжанның басшылары оны содан кейін Абай аудандық сотына берді. Тұрғылықты жері ол аудан болмағасын әл-Фараби аудандық сотына талап арыз түсірді. Біз Еңбекші аудан сотында мұғалімнің сөзінде еш өтірік жоғын дәледеп шыққанбыз. Қарсы тарап жеңілетінін білген. Сосын ол талап арыздарын алып алған еді. Содан кейін 2017 жылдың соңында Гүлжанның үстінен тағы да шағым түсірді. Әрине, көп уақыт кетті. Алайда, бүгін біз жеңіске жеттік деп айтуға болады. Енді бірақ алда тағы да маңызды сот отырыстары бар. Қазір Сәлімбаеваның білім басқармасы мен әкімдіктің үсітінен жазған талап арызы қарала бастады», - дейді Маржан Аспандиярова.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлжан Сәлімбаева Еңбекші аудандық сотына  №38 мектеп әкімшілігін, (директоры мен екі орынбасарын) облыс және қала әкімдігінің, облыстық және қалалық білім бөлімі мен білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мен облыстық департаментінің үстінен талап арыз берген болатын. Қазір ол шағым қаралып жатыр. Шымкенттік ұстаз заңсыз өзіне қатысы жоқ жұмыстарға шегілгенін дәлелдемек. Сондай-ақ, педагогикалық әдептің бұзылғанын және моральдық шығын өндіріп беруді сұрайды.

Бұл сот отырысының кезекті процессі ертең сағат 15-00 ге белгіленген. Оған Шымкент қаласы білім бөлімінің басшысы Жаннат ТАЖИЕВА мен  №38 мектеп директоры Айман Жүсіпованың қатысуы міндеттелген.

Фото: bilim-all.kz, azattyq.org.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера