Қаз   Рус

Мейрамханадан абақтыға дейін бір-ақ қадам

207 қаралды
0
Ратель
Вторник, 21 Ноя 2017, 13:30

Павлодарда ауылшаруашылық жұмысшылары мерекесі қарсаңында, сала басшысы қамауға алынды

Сенбі күні 18 қарашада қалалық №2 соты Павлодар облысы ауылшаруашылық басқармасының басшысы Ораз ДҮЗДЕНБАЕВТЫ екі айға қамау туралы үкім шығарды. Ол пара алды деген күдікпен қамауға алынды.

Оқи отырыңыз
Нацбюро сорвало банкет чиновникам в честь празднования Дня работника сельского хозяйства

Шенеунікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро қызметкерлері ауылшаруашылық жұмысшылары күні қарсаңында ұстаған. Мерекеге орай арнайы шаралар  жоспарланыпты. Күндізгі ресми шарада: көрме, мерекелік баяндама, марапаттау рәсімі мен концерт болады делінген. Ал кешке қаладағы ең күшті мейрамхана «Ақ Отауда» Дүзденбаев бастаған мемлекеттік қызметкерлер кәсіби мерекелерін жақсылап атап өтпек болған. Бұл банкеттің шығынын субсидия алған қожалық иелері мойындарына алып, әрқайсысы шамамен бір миллион теңгеден шығаруы керек болыпты. Алайда, О. Дүзденбаев кәсіби мерекесін атап өте алмастан, уақытша тергеу абақтысына қамалған.

Сотта мемлекеттік субсидия алушылар мен Дүзденбаев арасында заңға томпақ келетін қаржылық бір байланыстардың болғандығы анықталды.

Жемқорлыққа қарсы бюроның мәліметінше, Дүзденбаев «БИК» шаруа қожалығының басшысы Қуаныш БАЙМАҒАНБЕТОВТАН 200 мың теңге пара сұратқан. 15 қараша күні оған аталған соманың жартысын әкеп берген. Ақша Дүзденбаевтың орынбасары арқылы кеңесшіге берілген.

Кеңесшінің кабинетінен тінту кезінде  антикоррупциялық қызмет өкілдері 4,5 миллион теңге тауып алған.

Ораз Дүзденбаевты қорғаушы тарап бұл қаражат ауылшаруашылық өнімдерін шығарушылар музейіне көмек ретінде берілген ақша дейді. Ал жемқорлыққа қарсы бюро: бұл субсидия алуға өтініш білдірген шаруа қожалықтарынан жинап алынған миллиондар деген болжамдарын алға тартады. 

Қазір жемқорлыққа қарсы бюро ауылшаруашылық басқарма басшылары мен «КазАгроМаркетинг» мекемесінде және басқа да адамдарға қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Оқи отырыңыз
Қасықтап ұрласаң – айыптысың, вагондап ұрласаң – сыйлысың!

Бұл істе фермерлер мен қожалық иелерінен субсидия беруде жүйелі түрде алым-салық алынып тұрған деген болжам жасауға негіз бар.

Бір ғана 2017 жылы фермерлерге 12,7 миллиард теңге бөлінген. 

Қылмыстық істе аты аталып отырған «БИК» шаруа қожалығы құжат бойынша 80 миллион теңге алған.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!