Қаз   Рус

Мектептің жөндеу жұмысын жасағандар ақшасын ала алмай жүр

1007 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Суббота, 10 Фев 2018, 11:15

Алматыда сексенге жуық кұрылысшы екі ай тегін жұмыс жасаған

Алматыда қайта жөндеу жұмысы жүріп жатқан №46 мектеп-гимназиясы бәз қалпында қалып қалуы мүмкін. Екі айдан бері айлықтарын ала алмай жүрген құрылысшылар жұмыстарын тоқтатты. Сексенге жуық жұмысшылардың көбі Оңтүстік Қазақстан облысынан келген.

- Екі ай болды менің келігеніме. Ақша қолымызға тимей жатыр. Бастапқыда 10 000 берді аванс ретінде. Осы мектептің ішінде түнеп жұмыс жасап жатырмыз. Тіпті моншаға баратын ақшамыз жоқ. Жалақыларыңды береміз деген уәдеге тойып біттік. Ондай сөзді күнде естиміз, - дейді Бақытжан САПАРОВ есімді жұмысшы.

Оқушысы жоқ қаңыраған ғимаратта ағаштан төсек жасап алған жұмысшылар қара су мен қара нанды талғажау етіп отыр. Үш қабатты мектептің бір бөлмесін бараққа айналдырған мындағы жұрт әуелде күніне 5000 мың теңгеге келісіпті.

Алайда, қолдарына көк тиында тимегендер енді ақша алмайынша жұмысқа шықпаймыз дейді. Төзімі таусылып үйлеріне кетіп қалғандары да бар екен. Ал шыдап баққандар адам төзгісіз жағдайда әзірге құрлыстың басын тегін күзетіп күнелтпек.

- Басында бұл мектепте сексенге жуық жұмысшы болдық. Қолды бір сілтеп кетіп қалғандар бар. Қайтсін? Бала-шағаны асырау керек. Орташа есеппен біздің 12-14 миллион алашағымыз бар, - дейді Ғабит БАУЫРЖАНҰЛЫ.

№46 мектеп гимназиясының күрделі жөндеуден өткізуге тендер 2014 жылы жарияланыпты. Алты жүз миллион теңгені ұтып алған мердігер компания «КазМоналит Групп».

Тапсырыс беруші Алматы құрылыс басқармасы. Мемлекеттік конкурсты ұтқан мердігер кінә бізден емес, тиісті қаражатты «ИП» арқылы жұмыс жасап жатқан бригадирге беріп қойғанбыз дейді.

Жұмысшылардың жетекшісі қаражаттың түскенін растайды. Елу алты жұмысшыға алты миллион қарыз екенін де жасырмайды. Тек құрылыс жұмыстары алғашқы келіскен соммадан артық болып жаңылысыпты.

- Бізге аударған ақша қаңтардың авансына кетті. Бір миллион жеті жүз мың. Бұл қосымша қаржы. Енді бізде қайта есептеу жұмыстары жүріп жатыр. Яғни бір аптаның көлемінде түгел ақшаларды береміз. Бүкіл бригада ақшасыз отырған жоқ. кешіктіру тек құжаттарға байланысты туындады, - дейді шағымданушы жұмысшылардың бригадирі Александр ГАЙФУЛИН.

Қазір мектептің жетпіс пайыз жұмысы аяқталған. Нысан келісім шарт бойынша сәуір айында өткізілуі керек. Межелі уақытта жөндеу жұмысы бітер бітпесі белгісіз. Құрsлысшылардың еңбек ақыларының алу алмау жағы да беймәлім. Себебі құрылысшылар ешқандай да еңбек шартына отырмаған.

Фото автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера