Қаз   Рус

ОҚО-да діндарлар наразылық танытты

229 қаралды
0
Динара БЕКБОЛАЕВА
Пятница, 01 Дек 2017, 13:30

Діни мамандардың бұл әрекеті аймақтағы діни ахуалға әсері қандай болмақ

Сәрсенбі, 29 қараша күні Оңтүстік Қазақстан облысының діни мамандары жұмыс орнында бейбіт наразылық шеруін өткізді. Өздері жұмыс істейтін Діни проблемаларды зерттеу орталығына Нұржан ТҰРСЫНБАЙДЫҢ қайтадан басшы болып тағайындалуы діни қызметкерлердің осындай наразылық шарасын өткізуге түрткі болған.

Оқи отырыңыз
Шымкенттік блогерлер Ratel.kz-ке ашулы

Осыдан бес ай бұрын экс-басшы Тұрсымбайдың жас қызбен анайы түрде жыныстық қатынасқа барғаны туралы бейнеролик әлеуметтік желілерде жарияланып, ол басшылық қызметінен өз еркімен бас тартқан еді. Осылайша арада жарты жылға таяу уақыт салып, бұрынғы басшының өз қызметіне қайта оралуы орталық қызметкерлерінің наразылығын тудырды. Діни проблемаларды зерттеу орталығының қызметкерлері Нұржан Тұрсымбайдың қарамағында жұмыс істеуге қарсы. Себебі осыған дейін ол қызметтік ұжымда адам төзгісіз «тәртіп» орнатып, бастарына қара бұлт үйірген.

Әлеуметтік желілерде тараған бейәдеп бейнероликтегі ер кісі нақты Діни проблемаларды зерттеу орталығы басшысы ма, әлде соған ұқсайтын басқа біреу ме, белгісіз. Десек те, сол тұста туындаған осы бейнероликке қатысты шудан кейін Нұржан Тұрсымбай қызметінен өз еркімен кетуге арыз берген болатын.

Тұрсымбай басшылықтан кеткен кезде қарамағындағы діни мамандар қуанбаса, ренжімеген. Олар бір жыл бойы орталықтың басшылығын өзгерту үшін олар көптеген қадамға барған екен. Басшы орнатқан ұжымдағы шиеленіскен ахуал мен түрлі қитұрқы әрекеттердің салдарынан Діни проблемаларды зерттеу орталығынан көптеген мықты мамандар кетіпті.

Орталық қызметкерлерінің айтуынша, Нұржан Тұрсымбай қызметкерлерінің үстінен құқыққорғау органдарына арызданып, соның салдарынан коррупциямен күресу қызметінің өкілдері Діни проблемаларды зерттеу орталығынан парақорды іздеп, бірнеше ай бойы ұжымның берекесін кетірген.

Оқи отырыңыз
Баян Есентаева: Мен ешқандай жауынгер, батыр емеспін

Орталық қызметкерлері құқыққорғаушылардың үздіксіз тексеру жұмыстары ұжымдағы моральдық ахуалға кері әсер етіп, жұмыстарына кедергі болған. Өздеріне жүктелген міндетті, яғни экстремистік ағымдағы діннің жетегіне кеткендерді дәстүрлі дінге қайтару жұмыстарын орындаудың орнына, діни мамандар басшылық тарапынан жасалған қисынсыз әрекеттермен бас қатырған.

Осындай шиеленісті жағдай ушыққан тұста басшылары өз еркімен қызметтен кетіп, діни мамандар иықтан жүк түскендей, қуанғаны рас. Алайда бұл қуаныштары көпке созылмады.

Оқи отырыңыз
Түймебаев не айтып, не қойғанын біледі

Бес айдан кейін бұрынғы басшылары өз қызметіне қайта оралды. Осы уақытқа дейін Нұржан Тұрсымбай өзін жаман дегендер мен қаржылық қитұрқылыққа, порнороликке қатысы бар барлық адаммен соттасты.

Соттардың барлық сатысында Тұрсымбай жеңіп шықты. Міне, сөйтіп ол осылайша өзінің директорлық орынтағына қайта оралды.

Директорлық қызметіне кіріскен бірінші күні Тұрсымбайды қарамағындағы діни мамандар наразылық шерумен қарсы алды.

Діни мамандар мен орталықтың басқа да қызметкерлері ескі де жаңа басшыларымен бірге жұмыс істеуден ашық түрде бас тартып, өздерінің жұмыс орнын тастап, шығып кетті. (видеоны қараңыз).

ОҚО-дағы діни саладағы тепе теңдік сақтала ма, орталықтағы мынадай мәселе шешімін таба ма, әзірге бұл сұрақтың жауабы берілмеді.

Ratel.kz ке белгілі болғанындай, орталық қызметкерлері ОҚО әкімі Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВҚА мәселені шешіп беруді сұрап ресми хат жолдаған.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера