Қаз   Рус

ОҚО-да марқұмдардың сүйектері өзенге ағып жатыр

426 қаралды
0
Ратель
Пятница, 23 Фев 2018, 10:30

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы, Зертас ауылындағы ескі зиратта жерленген мәйіттердің қабірі ашылып, сүйектері жартаста шашылып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы, Зертас ауылындағы ескі зиратта жерленген мәйіттердің қабірі ашылып, сүйектері жартаста шашылып жатыр. Маңындағы бұлақ пен өзен суына ағып кеткендері де бар. Ал суды пайдаланатын елді мекендер халқына қауіп төніп тұр. Дәл осылай дабыл қаққан ауыл белсендісі Түймебай БАЗАРОВ биліктен араша сұрады, деп хабарлады Отырар телеарнасы.

Маятас аулының тұрғыны Түймебай Базаров былтыр қазан айында қаза болған 65 жастағы құдашасын осы Зертас ауылындағы зиратқа жерлеген. Ол зиратта шашылған сүйектерді көргенде шошып, көпке дейін өз-өзінен келе алмағанын айтады. Ескі зираттың бір бөлігін су шайып кеткен. Ал ол суды қарияның айтуынша, Тоғыс, Елтай, Қаратас, Сайрам ауылдарының тұрғындары пайдаланып отыр. Зертас ауылының әкімдігі зираттағы жағдайдан хабардар. Қандай да бір жұмыс атқаруға аудандағы басшылардың қаржы бөлгенін күтіп отыр. Ал ауылдықтар шара тез арада қолданылмаса, зиратты су шайып кететінін айтуда.

«Бұл мәселе біздің назарымызда. Ол жерге көктемде ағаш отырғызып, аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына хат жолдап, бетондауды және судың арнасын бұруды сұранып отырмыз», - дейді Төлеби ауданы Зертас ауылы әкімінің орынбасары Ерлан САПАРОВ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Фото: inform.kz.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.