Қаз   Рус

Павлодарда мемлекеттік мекеме қызметкері адамды әдейі қаққан

469 қаралды
0
Джамиля МАРИЧЕВА
Вторник, 30 Янв 2018, 14:00

Жол апатын өз көзімен көрген әкімдік қызметкері қылмысты жасыру үшін жалған ақпарат берген

Суретте: әділет департаменті сот орындаушыларының жергілікті бөлімнің көлік жүргізушісі Санжар Байтеков.

Железин ауданының ауылдық округ әкімдігінің бас маманы Азамат КАМАРИДЕНОВ жалған ақпарат бергені үшін шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Ол екі рет адамды қағып кеткен 24 жастағы досы, жергілікті әділет департаментінің сот орындаушылар бөлімінің көлік жүргізушісі Санжар БАЙТЕКОВТЫ қорғап, соттан аман алып қалу үшін бар амалын жасаған.

Оқи отырыңыз
Әкімнің мұғалім келіні 500 гектар жердің иесі

Жол апаты 2017 жылдың мамыр айында орын алған. Алайда бұл істің қаралуы 8 айға созылып кеткен.

Сот құжаттарына сәйкес, оқиға былай өрбіген.  

Апат болған күні Байтеков қызмет көлігін алып, қыдырып кеткен әкесін іздеуге шыққан.  Железин ауданында ол әкесін ТОРОПЧАНИН есімді ер адаммен отырған жерінде кездестіреді, олар бірге ішімдік ішкен көрінеді, сол себептен ұрыс-керіс шығады.

Бір мезетте Байтеков рөлге отырып, Торопчанинды соғуға ұмтылады. Ол өз кезегінде соққыдан қашып құтылады, алайда бірінші әрекеті іске аспаған соң, жүргізуші көлікті бұрып бейшараны соғып қана қоймай, алдыңғы және артқы дөңгелектермен басып кетеді.

Жаны сау қалған Торопчаниннің қабырғалары сынып, ішкі органдарынан қан кеткен. Сол кезде ғана Байтеков жедел жәрдемді шақыруды ұйғарады.

Торопчанин қатты мас болғандықтан, полиция қызметкерлеріне болған оқиғаның мән-жайын түсіну қиынға түскен. Бәйтековтың өзі кінәсін мойындауға асықпаған көрінеді.

Бірақ әкімдік қызметкері Азамат Камариденов оқиға күәсі болғаны анықталады.

 Алайда, ол ақпарат беруден бас тартқан. Оған қоса, шенеунік оқиға туралы ештеңе білмейтіні жайлы екі рет түсінік жазып берген. Осы себепті, тергеу жұмыстары жарты жылға созылып кеткен.

Бірақ, соңында айыпталушы мен куәгер де  ұсталады. Санжар Байтеков адам денсаулығына аса ауыр залал келтірген үшін 3,5 жылға бас бостандығына шектеу жазасын алады. Ал Азамат Камариденов жалған ақпарат берген үшін бас бостандығынан шартты түрде 5 жылға кесіледі.

Айтпақшы, ол 2016 жылы «ХХI ғасыр көшбасшысы» байқауына қатысып «Железин ауданының үздік мемлекеттік қызметкері» жүлдесін женіп алған.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера