Қаз   Рус

Түймебаев не айтып, не қойғанын біледі

317 қаралды
0
РАТЕЛЬ
Понедельник, 20 Ноя 2017, 18:00

Онтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің жиыны туралы мақала біраз адамның мазасын кетірді

Өткен аптаның соңғы жұмыс күндерінде  ОҚО-ның өңір басшысы Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ қатысыуымен облыс әкімдігінің жиыны өткен еді. Сол бас қосудан тілшіміз Динара БЕКБОЛАЕВА репортаж жариялаған еді.

Оқи отырыңыз
Дариға - Сыртқы істер министрлігіне, Динара - ЮНИСЕФ-ке

 

Мақала авторы облыс әкімі Ж. ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ сөздеріне тоқталған болатын. Журналист өңір басшысының мәлімдемесі Алматы әкімі Б. БАЙБЕКТІҢ Алматы мейрамханасында 500 теңгеге түстенуге болады деген сөзін жолда қалдырды деп таңданысын жарыса алмаған еді. Динара Бекболаева Ж. Түймебаевтың АҚШ пен арасының «ушығып» кеткендігін де жазады.

Бұл материал шығысымен күңгейдегі ағайынан бастап біраз адамның мазасы қашыпты. Журналист мемлекеттік тілде өткен жиынды түсінбей қалған-ау деген уәждердің де шеті қылтиды.

Біз осы ретте облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының өз сөзін қаз-қалпында оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.

Жасыл энергия туралы

Астанадағы өткен ЭКСПО көрмесін мысалға келтіріп, әкім былай деді:

«Күннен энергия алатын шам қойып, шопандарға, шаруашылықтарға...Қарапайым нәрсе.  Велосипедті қойып қойған, жанына кір жуатын машина жасап. Айдалада шопан соны жасап отыр. Тоқ алып... сосын айналдырған кезде, бірнеше киловатт шығады ғой. Ал бізде жазады: үкімет келіп қойып берсін деп. Бізде электр және газ, біздің облысымызда өте қымбат, республика бойынша. Сондықтан да балама көздерді табу бойынша, біз барлық мүмкіншілігіміз бар. Осындай нәрсенің бір-екеуін әрбір аудандарға, ауылдарға, шаруашылықтарға қойсақ. Үйлеріне қою керек, қораларына қою керек. Счетчик зырылдап айналмайтын болады сонда».

Бізге «чукча» деп анекдот айтады

Оқи отырыңыз
«Қоянды жәрмеңкесінің» қазіргі жағдайы

«Егер өзімізге салғырт қарап, болмайтын нәрселерді айтып жатсақ, қадірлемесек, быт-шыт болып жүрсек, бізге «чукча» деп анекдот айтады. Оның бәрі басымыздан өткен. Ал мінекей егемендік алып, өзіміздің көкірегімізді... Елбасы осындай мүмкіндік бергенде, соғыссыз, шайқассыз. (...) Адамның патриоттық сезім оянатын жағдай болу керек. Осы бәрімізге қатысты. Біз өзімізді қадірлемесек, басқа ешкім қадірлемейді. Оның бәрі показухаға айналды. Мен сіздерге айтып жатканым, осындай мәселелерді айтайық. Менен басқа. Егер бұл болмаса біз құримыз. Союз тараған кезде біздің тіліміз жоғалып қазақша сөйлейтіндерге күліп қарап, намыстанатын жағдайға жетіп бара жатқан кезде, мінекей, кеңестер одағы тарап аман қалдық».

Елбасы «Рухани жаңғыруды» толғанып жазды

 «Мен Астанаға бірінші болып көштім, 20 жыл бұрын, осы уақытта, әкімшіліктен. Қазақтың бетке ұстары сонда Ақмолада (Целиноградта) бір жергілікті азғантай тиражы бар газеттің редакторы, кішкентай 200 орындық  театр мен соның директоры. Сол Целиноградтың ВУЗ-ғы университеттің 4-5 доцент пен профессоры, бір-екі әкім орынбасары болды. Он шақты ғана адам. Елбасымыз сол үшін ауыстырды. Бүкіл шекараны нығайту үшін, сол жерде қазақтардың санын көбейту үшін. Өйткені кеңестер одағының кезінде 7500 шақырым шекарада 8 облысымызда қазақтың саны 7-11 пайыз арасында болып қалды. Қалайша түсінбейсіндер? Біз жарайды көпбіз деп отырмыз.

Оқи отырыңыз
Жансеит Туймебаев против цветных волос и американизации

Сол үшін ауыстырды. А қазір 53-65 пайызға жетіп отырмыз. Сондықтан сілкінетін кезен келді. Жалпылама, жаттанды сөздер айтасыңдар. Халықтың рухы, дәстүрі, оны қасиеті болу керек. Кісілігі көрінсе.Соны айтуымыз керек. Опять рапортқа көшесіздер. Біз союздың кезінде көрдік қой компартияның жиналыстарында. Давайте конкретно, тура бухгалтерский отчет. Сондықтан басқаша қарап түсіндіретін кез келді. Тағыда әрқайсысыңыз оқып шығыңыздар Рухани Жаңғыруды. Елбасымыздың толғанып, тебіреніп, мына елім кейін қайда барады деген мақсаттан кейін жазылып отыр».

Түймебаев түйінді сөзін өңірдің зиялы қауымына, ұстаздарға арнады. Облыстық актив алдында жасыл энргетикаға велосипедпен шыққан әкім АҚШ-қа да жетті.

Бала тәрбиесі туралы

«Қазіргі заманда, технология заманында балаларыңызды ербеңдетпей ұстаңыздар. Олар ортақ дүниенің баласы. Везде американизация. Жапонияның өзі дәстүр сақтап отырған, американизациядан құтыла алмай, балдардың бәрі қызыл-сарыға шаштарын бояп жүр. Арбайтен деген сөз бір бар ғой. Оқыған шығарсыздар? Ақыр заман болғанда не болатынын...Сондықтан да мына мәселелердің бәрі жарамайды. Бар нәрсені жинақтап ұсынып отырсыздар. Ал нақты жастармен, халықпен жасалып жатқан жоқ. Так что давайте прекратите, бұл тарихи кезең. Өз халқымызды сақтап қалмау ғана, ары қарай жеткізетін... Сондықтан басқаша жұмыс істеу керек. Бұған мінекей біздің ректорларымыз отыр, зиялы қауыммен алтын ұрпақты тәрбиелеп отырған осы жерде, сіздер атсалысыңыздар. Қайнап тұрып жұмыс істеуіміз керек. Колледждеріміз отыр мінекей. Бәріміз бас-басымызбен кетіп жатырмыз. Бір облыс болып тап тинақтай болып бір жағадан бас, бір жеңнен  қол шығаратын кезде, осының барлығында түгендейміз. Ал өзін халықпын, ұлтпын деп сыйлайтын, қадірлейтін азамат, экономикасын дамытады. Сонда күшті мемлекет болады. Сонда екі жағынанда мықты боламыз. Сондықтан мәселе сонда. Так что отырыңыз. Надо содержательно, по-другому. Көрдіңдер ме, орысша сөйлеп қоя береміз. 26 жыл өтті, әлі кетпей жатыр бізден».

Журналисттің жазғанына күдік танытқандар, үнтаспадан әкімнің айтқанын тыңдай алады:

Фото: express-k.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!