Қаз   Рус

Түнгі клубта шешінген қыздар асылып қала жаздаған

25066 қаралды
0
Марат АҚЖАРОВ
Четверг, 18 Янв 2018, 13:30

Атышулы Айжан Байзақова ақша үшін шешінген қыздар тағдырына алаңдайды

“Таңғы сағат 7, 8.30-ға дейін сіңлімді балабақшаға апаруым керек болатын. Аузымда әлі ішімдіктің иісі. Бірақ сіңлім қолымдағы жараларды байқап, сол туралы сұрағанда есімді тез жиып алдым. Оның алдында түні бойы ұйықтай алмадым, құдды ұйықтамау керектігін білгендей. Көлікті оталдырдым, инстаграмды қарамадым, себебі барлық жерде әлгі жалаңаш қыздар, ал артында менің даусым… Телефоным шырылдаған сайын уайымдадым. Қыздар болған оқиғаға өкініп, “қара” пиарға шыдамай, өздеріне бірдеңе істеп қоя ма деген ой маза бермеді”, – деп жазды Айжан БАЙЗАҚОВА Telegram парақшасында. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оқи отырыңыз
Ахан Отыншиев: Керек болса, төрт әйел аламын

Байзақованың айтуынша, таңғы сағат 8-де оған Жібек есімді танысы хабарласып, Алмалы аудандық РОВД-ға келуін сұраған.

“9-дан кешікпеуің керек деді. Қызды тәрбиешісіне тапсырып болған соң, темекі шегуге жүгіріп шықтым. Әлгі қыздарға расымен бірдеңе болды деп ойладым. Бір қорап темекіні тауыстым. Сонымен РОВД-ға келдік. Құдайға шүкір, бәрі аман екен, тек менің “шындыққа” деген сенімім сол сәтте өлді. Тергеу басталды. “Неге, не үшін, не шектің, шу болғанын білесің ба, тағысын тағы…” Ал мен күліп қана 2-ге дейін маникюрге кетуім керек екенін айттым. Олар да: “Әрине, барасыз, тек әкімшілік айыппұлды төлеген соң”, – деп жауап берді.

Ешқандай мәселе жоқ, барлығы заң бойынша, айыппұл болса айыппұл. Сонымен мені сотқа жеткізді. Артымнан адамдардың сыбырласып тұрғанын естідім”, – дейді Айжан.

– Айыппұлды төлеуге шамаңыз келе ме?

– Әрине, кешірім сұраймын, төлеуге дайынмын.

– Ок… 5 секунд үнсіздік.

Судья:

– Клубта әдепсіз сөз айтқаныңыз үшін үш күнге қамауға алынасыз, назар аударғандарыңызға рақмет.

“Рас па? Мен жаңылыс естімедім ме? Яғни қыздарды шешіндіргенім ештеңе емес, ал сіздер мені балағат сөз айтқаным үшін қамап жатсыздар ма? Таласу бекершілік. Бұл заң. Үйге барып, заттарымды алуға уақыт берді. Достарым уақытты созып, асықпай баруымды өтінді. Мүмкін бір қателік шығар деді”, – деп сөзін түйіндеген Байзақова хикаяның жалғасын жазуға уәде берді.

Фото: Brod.kz. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.