Қаз   Рус

Төреғали Павлодар облысына аяқ баспайтын болды

299 қаралды
0
Әйгерім ЖЕТПІСОВА
Вторник, 26 Дек 2017, 12:15

Аймақ басшылары әншіні өңірге шақырудан бас тартуда

Керекулік атқамінерлер қарияны жерден алып, жерге салған өнерпазды енді өңірге шақырмаймыз деп отыр.

Төреғали ТӨРӘЛІ жеке концертімен келген болатын. Оны өзінің адамдары ұйымдастырған болатын. Ал біз алдағы уақытта әншіні жалпы облыстық, қалалық мәдени шараларға  ресми шақырмаймыз, деген шешім қабылдадық, - деді өңірдегі тілшімзге Павлодар облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ РАЙЫМБЕКОВ.

Естеріңізге сала кетейік, ел аузындағы оқиға 21 желтоқсан күні шаһардағы мәдениет сарайында болған еді. Онда «Айхай-25» атты жеке концертімен келген әншінің ызалануына залда отырған көрерменнің: «Сен Қызылорданың масқарасын шығарып жүрсің!», деген сөздері себеп болған. Егде адамға жұрт алдында дөрекі жауап берген Төреғали кейін оны залдан қуып жіберген.

- Өйтіп ренжуіңіз орынсыз көке! Ей, айналайын көке, ата сақалың аузыңа жетті ғой! Жасың мыңға кеп, не айтып тұрсың, ана жерде келіп-ап? Менің де бір кісідей ашуым бар, ағайын! Ешкім еріккеннен жүрген жоқ. «Еріккен сарт енегін уқалайды» деген! Ұнамай ма? Шығып кетіңіз! – деді әнші Төреғали Төреәлі ән кешінде. (21 желтоқсан, Павлодар қаласы)

Ән айтуын жалғастырған «Ұлы дала баласын» желі қолданушылары сынның астына алған болатын. Бірі оны мәдениетсіз деп жазғырса, енді бірі жастықпен істеген қателігі, деп жақтаған еді. Төреғалидің егде адамға көпшілік алдында дауыс көтеріп, тіпті залдан қууына қатысты сахнада бірге жүрген әріптестері де пікір айтқан. Мәселен, Мақпал ЖҮНІСОВА мен әнші Бүркіт «кешірімді болайық», деп жұртты сабырға шақырды. Бірақ, оның бұл қылығын түсінбей, сын айтқандардың қатары артқан. Бұдан соң Instagram желісінде тікелей эфир арқылы жұрттан кешірім сұраған Төреш өзі ренжітіп алған қарияны таба алмай жүрмін, деп ақталған еді.

Оқи отырыңыз
Ұлтқа қалай қызмет қып жүрміз?

- Мен Қызылорданікімін, сен Қызылорданы позор қып жүрсің, деп аузына келгенін айтып, боқтап кетті. Кеткен жоқ, мен кет дедім! Балалығым шығар мүмкін. 25 толғандағы ең қалып қойған кішкентай сол шалалығым шығар. Жаным-ай, кешіріңіздерші. Үлкен кісіге олай деп сөйлегім келген жоқ. Он үште болса, баланың даналығы болады. Алпыста болса да шалдың шалалығы болады ғой. Сондықтан мен ол кісіні көрсем мінддеті түрде  кешірім сұарймын, ол кісі де менен кешірім сұрайды деп ойлаймын, - деді әнші тікелей эфир барысында (23 желтоқсан, Астана қаласы).

Алайда, жанкүйерлерінен кешірім сұрап, ағынан жарылғанымен «Ұлы дала баласының» басынан бұлт арылар емес.

Әншінің бұл қылығына қатысты ақын Қалқаман САРИН былай деп пікір білдірді. «Кешірім сұрапты, қатесін мойындапты. Қателігін мойындаған адамды кешіру керек деп ойлаймын. Сіздердің, біздердің міндетіміз - бұл жерде бітімге келтіріп, ара жібін анықтап, екі адамның кездесуіне жағдай жасап, ел алдына шығып кешірім сұрату. Ол кісінің кешіргенін айтып».

Ал өз ойын білдіремін деп залдан қуылған ақсақалды жас әншіге де, бізге де табу оңай болмай тұр.

Ел аузындағы бұл дауға қатысты кереку жұртының пікірі мынадай:

- Әкесіндей адамға жұрт алдында дөрекі сөйлеу ұят нәрсе. Сахнаны өзінің үйімен шатастырып алған сияқты. Ел алдында ана кісіден кешірім сұраса, қоғамдағы беделі биіктемесе, төмендемес еді, - дейді музыка пәнінің мұғалімі Ақлай ҚҰРЫМБАЕВА.

- Осындайға барады деп ойламаушы едім. Бұдан соң әнін де, бейнеклипін де естіп көргім келмейді, - дейді жас кәсіпкер Лаура ЖҮНІСОВА.

- Не болды сонша адамды қаралап, ешкімді өлітіріп тастаған жоқ қой. Солай жасауға мәжбүр болған. Кешіріп, енді бұлай жасамауына өзіміз жағдай жасауымыз керек, - дейді павлодарлық Бексұлтан ШӘПИЯ.

Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары ақсақалға дөрекі сөйлеп, мәдениетсіздік танытқан Төреғалиден моральдық шығын өндіріп алуға кеңес беруде. Ал бұған дейін журналистерден бөлек, әріптестерімен де сөзге келіп, дауласып үлгерген әншінің әкімшілері ұялы телефондарын өшіріп тастаған. Дегенмен, бұл оқиғаның Төрәлімен бірге үлкен сахнада жүрген өзге жұлдыздарға да сабақ болары анық.  

Фото: pavlodarnews.kz, pavlodar.gov.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)