Қаз   Рус

Қырымбек Көшербаев кәсіпкерлер сөзін соңына дейін тыңдамады

1009 қаралды
0
Айнұр ТӨЛЕШОВА
Четверг, 01 Фев 2018, 18:00

Жаңақорғанда «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бойынша несие алған кәсіпкерлер баспаналарынан айрылып қаламыз деп қорқады

Өткен аптаның жұмасы қаңтардың 26 күні  Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы әкімі Ғалым ӘМІРЕЕВ  халық алдында есеп берген еді. Шараға облыс әкімі Қырымбек КӨШЕРБАЕВ келген болатын. Көбіне мемлекеттік қызметкерлер (мұғалімдер, дәрігерлер, әкімдік қызметкерлері) қатысқан бұл жиынды кәсіпкерлер асыға күткен. Олардың өңір басшысына өз айтарлары бар еді. Алайда, Қырымбек Елеуұлы бизнесмендердің жартылай ғана тыңдады.

2012 жылы Жаңақорған ауданының 61 тұрғыны «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарлама аясында «Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен 112 млн теңгеңге несие алған. Пайыздық үстемақы 7% құраған. Берешекті 5 жыл ішінде төлеп бітіруді мойындарына алған кәсіпкерлер кепілдік ретінде жылжымайтын мүліктерін қойып, мал шаруашылығын дамытуды көздеген. Мердігер мекеме болып танылған «Әділет» жеке серіктестігі тұрғындардың қаражатын таратып беріп, ай сайын төлемдерін қабылдап отырған. Қазіргі таңда 42 азамат банк алдындағы қарызынан құтылған. Алайда, әлі күнге дейін үйлерінің құжаттары қолдарына тиер емес.

- Мен өз басым екі жарым миллион теңге несие алдым. Қаражаттан 10 бас сиыр алдым. Бәріміз де сол мал шаруашылығымен айналысамыз деп алдық ақшаны. Қазір шаруамды дөңгелетіп отырмын. Ай сайын несиемді уақытында төлеп, жаптым. Қолымда  қағаздарым да бар. Соған қарамастан, құжаттарымды ала алмай жүрмін. Мемлекеттің бұл саясатын мүлдем түсінбедім. Берешегін төлемегендердің кесірі бізге тиіп отыр. Неге қарызы жоқтар жапа шегуі керек? Ертең үйімізден айырылып қалсақ қайда күн көреміз? – дейді жаңақорғандық Жалбызбай ИТАЯҚОВ.

Қырық бір борышкер банк алыдандағы қарыздарын 2017 жылдың тамыз айында өтеп болған. Содан бері проблемаларын шеше алмай дауласып келе жатыр. Айтуларынша, барлық құзырлы мекемелердің есігін қағып дұрыс жауап ала алмаған. Кәсіпкерлер сондықтан да өз мәселелерін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа жеткізбекші болған екен. Алайда, Жаңақорған ауданы әкімі Ғалым Әміреевтың есеп беру жиыны барлық адамдар үшін есігін айқара ашпаған. Облыс басшысы алдында ыңғайсыз сауал қойылып қалама деп қорықса керек, тек таңдаулы адамдарға ғана алқа қотан кеңес болған. Алайда, әкімшілік құрған шепті «бұзып» өткен кәсіпкерлер болыпты. Бірақ олардың сөзін Қырымбек Елеуұлы соңына дейін тыңдамаған. 

- Облыс әкімі келетінін естігенімізде қатты қуандық. Бәріміз түрегеліп осы мәселені айтқымыз келді. Бірақ есікті ішінен жауып алғандықтан біразымыз жиналысқа қатыса алмай қалдық. Қырымбек Елеуұлына мәселені айтып бастаған екен. Сөзді соңына дейін тыңдамай үзіп жіберді. Толық проблемамен танысқан жоқ. Қарамағындағы қызметкеріне жүктеді. Бірақ ол кісі мәселемізді шешіп береді дегенге сенбей отырмыз, - дейді Нұрсұлтан БАЛУАНОВ.

Әкім проблеманы шешуді Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқарма басшысына тапсырған болатын. Арада бір аптаға жуық уақыт өткенімен, тапсырма тапсырма күйінде ғана қалып тұрған сынайлы.

- Әуел баста несие берілгенде үш жақты меморандум жасалған. Яғни, түсіндіріп айтқанда  61 кәсіпкер бір тарап ретінде қарастырылады. Олардың алған несиелерінің жалпы соммасы 112 миллион теңге. Бүгінде оның жартысы ғана төленген. Сол себепті кәсіпкерлердің барлығы қарыздарын төлемей құжаттарын ала алмайды. Қазіргі таңда несие алушылардың қолында несие шарты болғанымен, кепіл шарты жоқ. Не себепті берілмегендігі белгісіз. Бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Екі тарапқа арнайы хаттар жолдаудамыз, - деді Жаңақорған аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» директоры Жаңабек ТҰРЛЫБЕКОВ.

Фото автордікі. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."