Қаз   Рус

Бүгінгінің Ер Жәнібегі қыздарды шетелдіктерден құтқарып жүр

7521 қаралды
0
Ратель
Вторник, 23 Янв 2018, 15:00

Қазақ қыздарының намысын қорғап жүрген желі қолданушысы кезекті видео жариялады

Facebook.com әлеуметтік желісінде блогер Жәнібек ИМАНМӘЗІР кешкі уақытта серуендеп жүрген шетелдік азамат пен әйел адамды видеоға түсіріп өз парақшасына салып қойған. Видеоға түсіруші қыз балаға өзге ұлт өкілімен неге жүресің, саған қазақ жігіті жетпей ме дейді. Қыз қасындағы жігіттің күйеуі екенін айтады. Шетелдік азамат қолындағы сақинасын көрсетіп ағылшын тілінде әйелінің сөзін растайды.

«Жігіттер, ай қарап отыра берсек шетелдіктер қыздарымызды алып-алып бітіріп тастайды. Ертең қыз бітсе... кімге үйленесіңдер? Шетелге тиіп, қайта ажырасқан қыздар өте көп.Солар жатырына шетелдіктердің сасық ұрығын толтырып кері қайтып келіп жатыр...Сол қан бұзғыш сатқын қызды аласыздарма?», - деп жазды Жәнібек Иманмәзір өз парақшасында.
Бұл видеоға 231 адам лайк басып, 243 желі қолданушы бөліскен. Пікір қалдырушылардың көбі блогердің пікірін қолдаған. Бұл тәрбиесіз, арсыздық деп желіні басына көтергендер де бар. Енді бірлері шетелдікке тұрмысқа шыққандарды азаматтықтан айыру керектігін айтып өткен. Қызу талқыланған тақырыптағы кейбір пікірлерді қаз қалпында ұсынуды жөн көрдік.

Еркеш Калиев:  «Анадан ала да құла да туады арсыз қыздар о дүниенің сұрақ жауабын неге ойламайды екен» .

Бабаларым Батыр Тұлға: «Ой əкеңді , жақсы ит өлігін көрсетпейді , тиген екен көзден аулақ жоғалмайма қазақтың жерін сасытпай».

Ергали Кулбаев: «Жағдай болса жігіттер тоқалдыққа алып өзіміз қамтамасыз ету керек ау. Жалпы Жәке мақсатың дұрыс».

Пікір білдірушілердің арасында қыздың таңдауын қолдағандарда табылған.

Gulmira Kerimbaeva: «Қаншама қызды зорлап екі қабат қылып тастап кетіп, содан соң дені дұрыс қыз іздейтін қазақтың жігіттері көп. Сондықтан бірінші  басқалардың өміріне араласқанша разберитесь сначала в себе».

Anar Aldamzhar:  «Онда тұрған не бар? Қазақтар сөз айтып келмесе, енді еркектердің мойнына асылып өзі сөз айтпайтын шығар. Өзі жабысса, шошақтап деп тағы әңгіме. Әр адамның бақытты болуға xақы бар. Ана болғысы, ақ көйлек кигісі келетін шығар. Ала салып, жамандағанша түсінуге тырысайық».

Даулет Махмудов: «Үш əріптер қазақ деген жігіттерді аңдығанша.Осы қыздардың миын айналдырып ұлт деген керек емес мұсылман болса болды деп,оқытып жатқан арбшыл діндарсымақтарды тоқтатпайма.Олар солай оқытады сасық түрік болса да мұсылман ол тие бер деп біздің қыздарға.Ол талақ айтып тастаса көне бер деп үйретеді».

Айта кетейік, желі белсендісінің бұл алғашқы видеосы емес. Ол Алматы көшелерінде шетелдіктермен жүрген қазақ қыздарын үнемі видеоға түсіріп, "жөнге" салып жүргелі біраз болды. Жәнібек мырзаның пікірінше, қыздарымыздың намысын осылайша әрбір қазақ жігіті қорғау керек.    

Фото: voxpopuli.kz.   

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!