Қаз   Рус

Биыл Қазақстанда баспана құны қанша болады

103 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 08 Янв 2018, 17:30

Сарапшылар ағымдағы жылы жылжымайтын мүлік бағасына болжам жасады

Сарапшылар ағымдағы жылы Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы қаншалықты құбылатындығына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, өткен жылы еліміздегі жаңа салынған баспаналардың бағасы біршама тұрақты болып, екінші нарықтағы үйлердің бағасы айтарлықтай төмендеген. Мәселен, елордада жаңадан салынған үйлердің шаршы метрі жыл бойы 318 мың теңге төңірегінде болды. Ал Алматыда 430-450 мың теңге аралығында ауытқып отырып, жылдың соңында шамамен 438 мың теңгені құрады.  2017 жылы екінші нарықтағы баспаналардың бағасы Алматы мен Астанада орташа есеппен 5,8 пайызға, ал кейбір өңірлерде 10-11 пайызға дейін арзандады.

Оқи отырыңыз
Қазақстанды 2018 жылы қандай оқиғалар күтіп тұр

Осы ретте Қазақстан риэлторларының бірлескен қауымдастығының президенті Елена ГРИВА 2018 жылы да еліміздің жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның айтарлықтай өзгеріске ұшырамайтындығын алға тартады.

«Соңғы бірнеше жыл бойы бағаның маусымдық өзгеріске ұшырауы болған емес. Баға сұраныстың экономикалық факторларына байланысты өзгеріп отырады. Аталған факторлардың даму тенденциясын қарайтын болсақ, 2018 жылы жылжымайтын мүлік бағасы айтарлықтай өзгермейді. Алматыда осы деңгейде қалады немесе жылжымайтын мүлік сатып алуды кейінге қалдырып отырғандардың есебінен аздап көтеріледі. Сонымен қатар бұл факторлар мәмілелер санының оң динамикасының сақталуына да мүмкіндік береді. «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмыс істей бастауына орай елорданың жылжымайтын нарығында оң трендтер байқалды», - деді Елена Грива.

Ал Қазақстан риэлторларының бірлескен қауымдастығының вице-президенті Нина ЛУКЬЯНЕНКОНЫҢ дерегінше, 2017 жылдың қаңтар-қарашасында 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, еліміздегі жылжымайтын мүлік сатып алу мәмілелерінің саны 28,6 пайызға артық болған.

«Бұл халықтың төлем қабілетінің артқандығын білдіре ме? Меніңше, жоқ. Мәмілелердің өсуінің бірінші себебі өзінің баспанасын жақсартуды жоспарлағандардың байсалдылық танытуы. Осы уақытқа дейін көшілігі валюта бағамын байқап, пәтер және үй сатып алуға асыға қойған жоқ», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығындағы мәмілелердің шамамен 70 пайызы пәтерлерге тиесілі. Дегенмен, бұл көрсеткіш Алматы мен Астана қалаларында айтарлықтай жоғары болып отыр. «Астанадағы мәмілелердің 95 пайызын, Алматыда 85 пайызын пәтерлер құрайды. Қалған бөлігі жеке тұғын үйге тиесілі. Ал Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облысындағы мәмілелердің 30-40 пайызын пәтерлер, қалған бөлігін жеке тұрғын үйлер құрайды», - деді Нина Лукьяненко.

Фото: tengrinews.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."