Қаз   Рус

Теңге тағдыры ОПЕК қолында

94 қаралды
0
Сергей ЗЕЛЕПУХИН kaztag.kz
Среда, 29 Ноя 2017, 18:00

Ұлттық валютаны не нығайтуы мүмкін

Осы аптада өтетін іс-шаралар және оның нәтижелері ағымдағы жылдың аяғында шикізат валюталарының бағамына қатысты болжамдарға елеулі түзетулер енгізе алады және валюта нарығындағы, оның ішінде Қазақстандағы жағдайдың дамуына айтарлықтай әсер етеді.

Нарықта өзгеріс күтілуде 

Бұл 30 қарашада ОПЕК-ке мүше елдердің осы ұйымға мүше болып табылмайтын, мұнай экспорттаушы елдермен, бірақ келесі жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін тәулігіне 1,8 миллион баррель мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімге қол қойған елдермен жоспарланған кездесуі туралы болып отыр. 

Оқи отырыңыз
Ұлттық банк қауіпті өсімді көріп отырды

Болашақ шарада 2018 жылдың соңына дейін мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімдерді ұзарту туралы талқылау болады.

Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының одан әрі динамикасы қандай шешім қабылданатынына байланысты және шикізаттық валютаның айырбастау бағамы рубльмен және теңгемен қоса, доллармен жұптары анықталады. 

«Мұнай бағалары доллардың әлсіреуінен, барреліне 63 доллардан жоғары болды және 30 қарашада ОПЕК-тегі отырыста өндірісті қысқарту туралы келісімнің ұзартылуын күтіп тұр. Бұл туралы шешім өте ықтимал, бірақ бұл туралы толық сеніммен айту ерте. Және 2018 жылдың аяғына жетпейтін кез келген ұзартылым нарықта теріс қабылданып, бағаның төмендеуіне әкеледі», - деп санайды ГК «Телетрейд» жетекші талдаушысы Марк ГОЙХМАН.

Сонымен қатар ол кездесуде келісімді ұзарту туралы түпкілікті шешім қабылдау уақыты бар келісімдердің, яғни келесі жылдың ақпан-наурыз айларының аяқталуына қарай, кейінге қалдырылу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

«Осылайша, нарық үшін тәуекелдер бар. Өйткені, бағалардың өндіріс көлемінің азайғанын ескерсек, оны растау бағасы 64-64,5 долларға дейін жоғарылайды. Бірақ негізсіз үміттер баға белгілеулерінің төмендеуіне әкеліп соғады, $ 61-62 қолдайды», - деп болжайды сарапшы.

Сонымен қатар, ол жоғары мұнайдың аясында доллар-рубльдік жұп қысым көреді, ол доллардың Форекстегі жалпы әлсіреуін күшейтеді, Ресейдегі салық кезеңі шамамен 1,5 трлн. рубль салық төлейтінін және өткен аптада ресейлік федералдық несие облигацияларын табысты орналастырғанын атап өтті. 

«Мұндай жағдайда, доллар 58-58,3 рубльге дейін төмендеуі мүмкін. Алайда желтоқсанда бұл факторлардың маңызы аз болады, ал осы ауқымнан бастап, аймақтағы бастапқы қарқынмен $1 үшін 60 рубльге дейін көтерілу мүмкін», - деп болжайды сарапшы.

Оқи отырыңыз
«Нұр Отанның» мүшесі деген атаққа бола билік партиясына бармас едім»

Бұл үшін драйверлер, оның пікірінше, «инфляцияның және импортқа деген сұраныстың жылдың соңына дейін өсуі, IV тоқсандағы 23,5 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі сыртқы қарыздар бойынша төлемдер, Ресей Федерациясының Орталық Банкінің негізгі ставкасының төмендеуі және ФРЖ ставкасының артуы» болуы мүмкін.

Теңгеге  салықтық кезең демеу беріп отыр 

Сарапшылар атап шыққан факторлардың барлығы ресейлік валюта бағамына теріс ықпал ету арқылы теңгенің әлсіреуіне әкеліп соғуға қабілетті екенін де айта кетелік. Ал оларға ОПЕК мүшелері мен бұл ұйымға кірмейтін мұнай экспорттаушы-елдерінің бас тартуы қосылса, алдағы кездесуде мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімді ұзарту туралы ақырғы шешімді қабылдау, онда теңге ағымдағы жылды минорлық нотада аяқтауы әбден мүмкін.

Әзірге ұлттық валютаға Ресейде ғана емес, Қазақстанда да жүріп жатқан салықтық кезең үлкен қолдау көрсетіп отыр. Сондықтан өткен аптада байқалған теңгенің долларға қатысты айтарлықтай нығаюы мұнай бағасының көтерілуінен басқа салықтық төлемдер кезеңімен, ең алдымен шикізаттық компаниялар тарапынан негізделген. Себебі дәл сол кезеңде теңгеге деген сұраныстың артатыны құпия емес, ол оның америка валютасына қатысты нығаюына ықпал етеді. 

Оқи отырыңыз
Биылғы жыл теңге үшін қандай болмақ?

Алайда салықтық кезеңнің аяқталуы жақын, ал одан кейін ұлттық валютаның желтоқсанның басында долларға қатысты аздап әлсіреуін күтуге болады. 

Теңге бағамының ары қарайғы динамикасы көбіне рубльдің желтоқсанда болуы мүмкін қарсы тұра алу қыбілетіне байланысты болмақ, ол кезде ресейлік компаниялар мен банктер әр түрлі бағалар бойынша $15 млрд- $18 млрд аралығындағы сыртқы міндеттемелер көлемін жабуы керек. 

Бұл ретте мұнай бағаларының қалай болатыны теңгенің айырбас бағамының басты негізгі факторы болып қалады. Қысқа мерзімді болашақта олар үшін негізгі қауіп тек тақтатасты мұнай өндірісінң өсуінен ғана емес, тағы да қайталап айтайық Венада 30 қарашада қабылданатын шешімге байланысты. 

Бір жағынан, сарапшылардың түсініктемесіне қарасақ, Ресей ең болмағанда алдағы кездесуде мұнай өндірісінің төмендеуі туралы келісімді ұзартуға барудан бас тартуы мүмкін деген қорқыныш басым. Олай қорқуға да негіз бар, себебі бұған дейін ресейлік билік өкілдері қолданыстағы мұнай пактісі туралы қандай да бір шара қабылдауға ерте екені туралы мәлімдеген еді. 

Екінші жағынан, мұнай экспорттаушы ұйымдардың басты мүшесі – Сауд Арабисы- келісімнің әрекет ету мерзімін ұзартуға мүдделі екендерін бірнеше рет білдірді де. Сондықтан саудтықтар мәмілеге қатысушылардың барлығын оны ұзартуға көндіруге бар күштерін салады. 

Оның үстіне, өткен жұмада Bloomberg ақпараттық агенттігі, келіссөздерге қатысушылардың ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, «негізгі жайлар» әлі қарастырылып жатқанымен, ОПЕК пен Ресей «жалпы» келісімді келесі жылдың соңына дейін ұзарту жайлы келіскен, ол туралы 30 қарашада жарияламақ екен деп хабарлады. 

Оқи отырыңыз
«Күнделіктің» күйбеңі

Және егер бұл шынымен солай болса, онда бұл шешімді ағымдағы мұнай бағаларының жоғары деңгейі қолдайды, ол өз кезегінде шикізаттық валюта бағамына оң ықпал етеді, соның ішінде теңгеге де. 

Бұл ретте қазақстандық валютада долларға қатысты одан ары нығаюға және жылды жақсы аяқтауға немесе ең болмағанда желтоқсанда ресейлік рубль бағамы тарапынан теріс ықпалға сәтті төтеп бере алатындай жақсы мүмкіндік пайда болады. 

Алайда, шын мәнінде қалай боларын, жақын арада білетін боламыз.

Фото: forbes.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера