Қаз   Рус

Келіннің аты - келін

2444 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Воскресенье, 18 Фев 2018, 14:00

Актриса жаңа фильмде Динара Назарбаеваны сомдайды

Гүлшарат ЖҰБАЕВА - бір бойына жеті түрлі өнерді арқалаған актриса.  Көрерменге көгілдір экран арқылы танылған ол ұлттық биді де бір кісідей билейді. «Енді немен айналысар екен?!»- деп, Гүлшараттың аңысын аңдыған тілеулестерінің көкейдегі сауалын алға тартып, актрисамен жүздескенді жөн көрдік.  Бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырған келіннің жаңалығы аз емес екен.

- Гүлшарат ханым, сіздің қол қусырып отырмайтыныңызды білеміз.  Қазір қандай түсірілімінде жүрсіз?

- Жуырда ғана «Путь Лидера» атты режиссер Ақан Сатаевтың  көркем фильмі түсірілді. Сонда  президентіміздің ортаншы қызы Динара НАЗАРБАЕВАЕЫҢ рөлінде ойнап жатырмын. Айтарлықтай үлкен емес, эпизодтық рөлдемін. Қыстағы түсірілімін тәмамдадық. Енді қалғаны жазда жалғасады. Бұйырса, тарихи туындыға айналады деген ойдамын.

- Президент туралы кино аз түсірілмеді. Бірақ соны көреміз деп кинотеатрға ағылған көрермендерді байқамадық. Тірі тұлғаға арнап түсірілген дүние неге тарихи туындыға айналады деп ойлайсыз?

- Өмірде барлығына уақыт төреші ғой.  Кезі келгенде үлкен экранға тарту етіледі. Сол кезде халық өзі әділ бағасын бере жатар. Мен өз тарапымнан кесіп-пішіп ештеңе айта алмаймын.

Суретте актриса жұбайымен.

-  Қандай фильмге түсіп, кімді сомдау керектігін үйдегі отағасымен ақылдасып шешетін боларсыз?

- Әлбетте. Кез келген туындыға түспес бұрын сол кісімен ақылдасамын. Продюсерлермен өзі сөйлесіп, өзі келіседі. Отағасы рұқсат берсе түсемін, бермесе ол тақырып қайтып қозғалмайды. Оның үстіне шақырған жердің бәріне үкідей ұшып бара беретін емес. Себебі түсірілім деген ұзақ уақытты алатын жұмыс процесі. Үйде күтіп отырған бала-шағаң, келімді-кетімді қонағың болғандықтан, әйелдің үнемі сыртта жүруі ерсі болар.

Оқи отырыңыз
Қайрат Түнтеков: Біздің елде шоу-бизнес жоқ

- Кейінгі кезде отандық сериалдар легі көбеюде. Бұл қуантарлық жағдай болғанымен, көрермендеріміз әлі де түрік пен үндінің телесериалдарынан бас алмай отыр. Неге біздің теле көрермендер отандық туындыларға тартыла алмай жатыр?

 - Сериалдар легін түсіруге енді  қадам басым келе жатырмыз ғой. Көп болса, бәсекелестік артып, сапа да оңала түседі деп ойлаймын. Осы қарқынымыздан таймасақ, сіз айтып отырған үнді мен түріктің көрермендерін тартып аламыз. Себебі олардың түсіру техникасының өзі біздікінен  әлдеқайда озық. Қарап отырсақ, ТМД елдерінің ішінде кино түсіруде өзбек халқы анағұрлым алда келеді. Бізбен салыстырғанда әлдеқайда дамып кеткендігін естіп жатамыз. Мәселен, олардың бір продакшндерінің өзінде бірнеше кино түсіру алаңдары бар.

Ал біздегі киностудиялар әр жерді жалға алып жүреді. Енді ғана жас режиссерлер мен сценаришілеріміз шығып жатыр. Мұның арқасында жас актерлер де көрермен көзіне түсе бастайды. Осылайша енді ғана үлкен кино нарығына қадам басып жатқан жайымыз бар. Отандық арналардың шетелдік туындыларды сатып алуға шектеу қойып, өзіміздің сериалдарды  шығара бастағаны  қуантады.

- Қазір әншілер мен сатира сахнасында жүргендер де кино түсіруді  әдетке айналдырды. Бұл сіз айтып отырған отандық кино өндірісінің дамуына септігін тигізеді деп ойлайсыз ба?

- Бұл үрдістің жақсы да, жаман да жағы бар. «Тауық сойса да қасапшы сойсын» деген ғой. Қарап отырсақ,  көгілдір экраннан көрсетіліп жатқан дүниелер идеологияның көзі болып табылады. Сондықтан кино түсіргенде сақтықпен қарау абзал. Себебі өскелең ұрпақ көргенін санасына сіңіреді.  Көбісі трейлер, экшн фильмдерді түсіруге құмартады. Оның қатыгез кейіпкерлері жастардың психологиясына қалай әсер етеді. Одан не қорытады?! Кино түсірмес бұрын арнайы мамандармен ақылдасып, осы айтқан мәселелерді ескеру қажет сияқты.

- Сіздің  таэквондомен қатар ұлттық биді  де бір кісідей меңгерген биші екеніңізді жақсы білеміз. Осы аталған өнерлеріңізді фильмдерден неге көрсетпеске, әлде ұсыныс жоқ па?

- «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильміне түскенімде  таэквондоны меңгергендігімнің  септігі тиді. Содан кейін «Қария» фильмінде биші қызды ойнадым. Бірақ ол туындыда  бидің элементтері көрсетілмеді. Анығын айтқанда биші қыз деген атым ғана болды. Ал, «Тергеушілер» фильмінде майор рөлін сомдағандықтан таэквондоның тәсілдерін қолданамын деп ойлаған едім. Бірақ, түсіру барысында оның қажеті болмады. Бұйырса, осы аталған өнерімді көрсететін рөл оң жамбасыма бұйырады деп ойлаймын.

- Дәстүрлі өнердің сойылын соққандар өз ішімізде халық әндері мен ұлттық бидің еңсесі түсіп тұрғанын айтады. Сіз бұған не дейсіз?

- Қарап отырсам, бишілер де әнші атаулыдан кем жұмыс істемейді. Тағы сол Өзбек ағайындарды мысалға алайықшы. Мәселен, ол жақтың халқы әншілерді қалай жатқа білсе, бишілерді де солай көрген жерде жазбай таниды.

Себебі, бір Юлдуз Усманованың өзі әр концертінде жаңа бишіні таныстырады. Оларда әнші мен бишінің жарнамасы бірдей деңгейде жасалады. Бізде де бишілер арасында түрлі Республикуалық байқаулар ұйымдастырылып тұрады. Солардың жарнамасы халыққа жетпейді ме, әлде көпшілік өзі қызығушылық танытпай ма, осы жағына миым жетпейді. Дегенмен өздерінің авторлық билерін үлкен сахнаға шығарып, тіпті шетелде өнер көрсетіп жүрген бишілеріміз аз емес. Оларды жалпы халық танымайды, іздемейді де. Шыны керек, елдегі биші атаулының табысы жұмырға жұғымсыз болғандықтан, Селезнев атындағы хореографиялық училищенің көптеген түлектері шетелге кетіп жатыр.

Ақтаудағы «Жорға» театрының бишілері талай елдердің сахнасында өз өнерлерін көрсетіп жүр. Бірақ өз ішімізде биші атаулыны айтарлықтай елеп ескереріп жатқан көпшілікті көріп тұрған жоқпын.

- «Шабыт» би ансамбліне жетекшілік ететініңізді білеміз. Осы орайда неше бишіні жұмыспен қамтып отырсыз?

- Бұл ансамбльдің ашылғанына жеті жылдай уақыт болды. Алғаш екі қызды ертіп бастаған едім. Қазір отыз қыз және екі жігітпен толықты. Он шақты арнайы кеш жүргізушіміз бар. Оған тапсырыспен жұмыс істейтін әкімшілік пен бишілерді таситын жүргізушілерді қосыңыз. Үнемі кастингтер өткізіп, бишілер санын артып кеңейіп жатқан жайымыз бар.

Оқи отырыңыз
Жазира Қошанова: Шетелдіктің ермегіне айналмадым

- Ал, «Шабыт» шеберханасы да ұлттық бұйымдар желісін тігумен айналысады. Сіздің өнімдеріңіз базар нарығын басып алған шетелдік тауарлардың ығында қалып қойып жатқан жоқ па?

- Біздің тауарларды сапасы жағынан базардікімен салыстыруға келмейтін сияқты. Әр өндірушінің жеке қолтаңбасы болады ғой. Мақсатымыз - үй ішін қазақы нақышта безендіруге арналған бұйымдар  тігу. Арасында арнайы белгімен түрлі киімдер белгісін  шығарып тұрамыз.

Көршілес елдердің фабрикалық өнімдерінен біздікінің еш жері кем емес. Бір өкініштісі - біздің елде мақта-мата өндірілмейді. Соларды сырттан алатын болғандықтан,  өнімдерімізді  сатылымға шығарғанда баға қою жағынан қиналатынымыз бар.

- Өзіңіз отбасында қандай келінсіз? Қазіргілер «Табысы күшті келіннің тілі ұзын келеді» дегенді айтатын болды ғой.

- Құдай сақтасын, тапқан табысымды ешқашан бұлдап, міндетсіген емеспін. Қанша жерден мықтымын десең де, келіннің аты- келін. Оның әулетте өзіндік міндеті бар. Әртіспін деп тіксініп қайтемін, келген қонақты арқа-жарқа болып күтіп алу парызым. Бизнесте жүрмін деп, үй шаруасын ақсатып қоюға тағы болмайды. Әр үйде әйелдің қолының жылулығы болуға тиіс. Қазақтың қыз-келіншектерінің қолынан барлығы келеді. Бәріне үлгереді. Бұл біздің аналарымыздан дарыған қасиет.

Фото Гүлшарат Жұбаеваның жеке мұрағатынан алынды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)