Қаз   Рус

Көлік салығын төлемеген Ерке Есмахан мен Ернар Айдардың ісі сотқа берілді

138 қаралды
0
Ратель
Четверг, 07 Дек 2017, 17:15

Жалпы 90 мың алматылық салық бойынша 4 млрд теңге қарыз екен

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын төлемеген шоу-бизнес жұлдыздарын сотқа берді.

Оқи отырыңыз
Тойдан тапқан ақшадан салық төлегісі келмейтін әншілер

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің арасында көлік салығын төлемегендер бар. Жұлдыздар 400 мың теңгеден аса салық төлемеген. Атап айтқанда, әнші Ернар АЙДАР - 205,1 мың теңге, Рано УМАРОВА - 88,8 мың теңге, Жеңіс ЫСҚАҚОВА - 73,2 мың теңге, Ерке ЕСМАХАН 41,1 мың теңге бюджетке қарыз екен.

«Бұл азаматтарға қатысты іс материалдары жинақталып, сот органдарына берілді. Сот органдары қарызды өндіру туралы үкім шығарды», - делінген таратылған баспасөз хабарламада. Салық қарызы туралы ақпаратты электронды сервис арқылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтынан көруге болады. Қалалық департамент 31 желтоқсанда 2017 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын хабарлайды. Айта кету керек, 2016 жылдан бастап көлік салығы төлеушінің тұрғылықты жері бойынша төленеді.

Жалпы, осы жылдың 5 желтоқсанындағы мәлімет  бойынша  90 мың Алматы тұрғыны салық бойынша 4,2 млрд теңге қарыз. Оның ішінде 19213 борышкердің ісі сотқа жіберілді. 3 653 адамға шетелге шығуға тыйым салынды. 2849 адамның мүлкіне тыйым салынды.  

Дереккөз: ҚазТАГ

Фото: inform.kz

 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.