Қаз   Рус

ОҚО әкімдігі Ғабидолла Әбдірахымовты тәлкек қылу үшін ақы төлеген бе?

351 қаралды
0
Динара БЕКБОЛАЕВА
Четверг, 16 Ноя 2017, 14:30

Белгісіз адамдар желіге ішкі саясат басқармасының құжаттарын жариялады

Таяуда «Фейсбуктің» шымкенттік сегментінде қызықты құжаттар, яғни Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Мемлекет туы» Жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің арасында түзілген келісім-шарт пайда болды.

Бір қарағанда, кәдімгі мемлекеттік тапсырыс: облыс әкімдігі бюджет қаржысын патриоттық тәрбие тақырыбына бөледі, қоғамдық бірлестік оны 2017-жылдың сәуір – желтоқсан айлары арасында орындауды міндетіне алады.

Ал шындығында, жарияланған келісім-шартта нақты қандай іс-шаралар өткізілетіні туралы бір ауыз сөз жоқ. Дегенмен Жастар одағы қазынадан 2 миллион 350 мың теңгені алады.

Бір жағдай болмағанда, аталған құжаттың интернетке шығуы да екіталай еді. Қомақты тапсырыс алған жастар ұйымының басшысы – қоғам белсендісі, өзінің оппозициялық әрекеттерімен белгілі болған Сүйін АБУЛДА (суретте). 

Читайте также
Габидулла Абдрахимов: Два года в Шымкенте были самыми счастливыми в моей жизни

 

Осыдан екі айдай бұрын Абулда Шымкент әкімдігінің алдында жеке акция өткізген. Ол қала әкімдігі ғимаратына әкімді (сол кезде Ғабидолла Әбдірахымов болған) қаладағы проблемалар үшін грамотамен марапаттамақ болып барған. Белсенді азамат газ бен су тарифтерінің қымбаттығын айтып шағымданған. Сол кезде оған қала басшысының қабылдауына кіріп, бәрін оның жеке өзіне жеткізу жөнінде ұсыныс білдірілген. Не үшін екені белгісіз, Абулда олай етуден бас тартады. Әкімдік ғимараты аясында журналистерге ашынған түрде сұхбат беріп, грамотаны әкімнің бағыныштыларына тапсырып кеткен.

Дегенмен Абулда оппозициялық белсенді болып бұл әрекетімен көрінген жоқ, ол 2016-жылдың мамыр айында жерге қатысты шерулер болған кезде жаппай наразылық көрсетуді белсенді қолдаушылардың бірі ретінде құқық қорғау орындарының жіті назарын аударған. Сүйін Абулда Шымкентте шеру ұйымдастырмақ болды, бірақ кейбір себептерге байланысты оның жоспарлары орындалмай қалды.

Енді мемлекеттік тапсырысқа оралайық.

Жастарды патриоттық сезімге баулуға бюджеттен бөлінген осынша қаржының қайда жұмсалғанын біз анықтай алмадық. Интернеттен «Мемлекет туы» Жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің  атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі жазылуға тиіс сайтын да таппадық.

«Фейсбук» әлеуметтік желісінде де бұл жастар одағының қызметі туралы бір ауыз сөз жоқ. Есесіне, Сүйін Абулда өз аккаунтында 2011-жылғы Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер, Астанадағы ЭКСПО сияқты әйгілі оқиғалар тақырыбына сыни тұрғыдағы посттарды тұрақты түрде жариялап отырған.

Шындығында Абулданың сындарының басым бөлігі, неге екені белгісіз, Шымкент қаласы әкімдігіне тиесілі. Ол өз посттарында қаланың бұрынғы әкімі Әбдірахымовты өзіне пиар жасайды, қаланы басқара білмейді деп кінәлайды.

Читайте также
Назначен аким Шымкента

 

Сүйін Абулда «Фейсбуктегі» жазбаларында өзінің облыс әкімдігінен бөлінген 2 миллион 350 мың теңгені алғаны үшін патриоттық бағытта өткізген іс-шаралары туралы бір ауыз сөз жоқ.

Желіде пайда болған құжаттарды жалған деп айтуға болмайды. Облыс әкімдігіндегілер онша қаламағанымен де бізге бұл құжаттардың шынайы екендігін растады.

Осыдан мынадай қисынды сұрақ туады: Сонда ОҚО әкімдігі қандай күмәнді жобаларды қаржыландырып отыр?

Айта кетейік, бұл даулы мемлекеттік тапсырысты бөлген облыстық ішкі саясат басқармасында да жағдай мәз емес. Басқарма басшысы Болатбек Төлеген бір айдан бері темір тордың арғы жағында отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы оны 2017-жылдың 7-қазанында 2,1 миллион теңге пара алған деген күдікпен ұстады. Ресми болжам – пара «ақпараттық қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шартын иелену үшін берілген».

Фото: i0.kym-cdn.com және әлеуметтік желілерден алынды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера