Қаз   Рус

Қарағандыда ірі апат орын алды

476 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Пятница, 05 Янв 2018, 09:00

Қалада құбырлар жарылып, 200 жуық тұрғын үйдің жертөлесін су басып кеткен

Кеше, 4 қантарда Қарағандыда жылу магистралында апат болып, бірнеше көп қабатты үй, 40-қа жуық жекежай және алты әкімшілік ғимарат күні бойы жылусыз қалды. Тұрғындар үйлерінен шыға алмай қалған.

«Қарағанды Жылу транзит» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағандының №19 ықшам ауданындағы құбыр жарылған.

«Апаттық-қалпына келтіру бригадалары шұғыл 188 тұрғын үйді, жеке сектордың 21 үйін, заңды тұлғалардың 39 нысанын М4 жылу магистралына жалғап, гидравликалық және температура режимдерін қалпына келтірді. Винницкая көшесіндегі 25-үй және Моховая көшесіндегі 6/1-үй, жеке сектордың 36 үйі және заңды тұлғалардың алты нысаны жылумен қамтудың төмен режиміне өткізілді», - делінген кәсіпорынның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қала тұрғындарының айтуынша, мұндай жағдай осымен екінші рет қайталанып отыр.

«Жазда жөндеу жүргізілмейді. Салдарынан қыстың қақаған суығында жылусыз, ыстық сусыз отырмыз. Көшеде жүре алмай қалдық, су тізеден келеді. Өткен жылдың аяғында да дәл осылай құбыр жарылып, жылусыз қалғанбыз», дейді Меруерт КАРИМОВА.

Апат ауданында орналасқан №82 орта мектептің жертөлесі де суға толған.

«Балаларды үйлеріне қайтардық. Ыстық судың буы мектепте тұр. Барлық жиһаздар дымқылданып жатыр», деді мектеп директорының орынбасары Алдияр ІЛИЯСОВ.

Ыстық судан көтерілген қалың бу көлік қозғалысына да кедергі жасаған. Қала бойынша 447 км құбырды қамтамасыз етіп отырған «Қарағанды Жылу транзит» өкілі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«36 жер үйлерді жылуға қосы жұмыстары мен 6 жеке нысандарды қайта жүйеге қосу жұмыстары жүріп жатыр. Жертөленің ылғалдануына байланысты тұрғындар шағым түсірсе, шығынды өтеуге тырысамыз.Түні бойы жылуды қалпына келтіру жұмысы жасалды», деді компанияның бас инженері Александр АКИШИН.

Коммуналдық апат салдарын жоюға 25 адам және 10 арнайы машина жұмылдырылған.

Ал, апаттың себебі құбырлардың ескіруі. Жыл сайын бөлінетін қаражат жүйені түгел жөндеуден өткізуге жетпейді екен.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)