Қаз   Рус

Қазақстан білім беру индексі бойынша 35-орында

160 қаралды
0
Ратель
Четверг, 07 Дек 2017, 11:00

Legatum Institute халықаралық зерттеу орталығы 2017 жылдың қорытындысы бойынша гүлдену индексін жариялады

Legatum Institute халықаралық зерттеу орталығы 2017 жылдың қорытындысы бойынша гүлдену индексін жарияланды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, 149 мемлекеттің ішінен барлық параметр бойынша Қазақстан 72-орынға ие болды. "Рейтинг Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүниежүзілік банк, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Дүниежүзілік Сауда ұйымы, Gallup, Economist Intelligence Unit, IDC, Pyramid Research ұсынған статистикалық деректер бойынша жасалған. Индекс экономика, кәсіпкерлік, басқару, білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, жеке бостандық, әлеуметтік капитал, экология секілді қоғам өмірінің аспектілері мен қоғамдық әл-ауқаттылық параметрлерін көрсететін көрсеткіштер негізінде шығарылған.

Оқи отырыңыз
Астананың 16 мектебінде санитарлық талаптар сақталмаған

Бұл зерттеуге Қазақстан 2006 жылдан бастап қатысады, осы уақыт бойы біз 20 орынға жоғарыладық, ал өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан 83-орыннан 72-орынға, яғни 11 позицияға алға жылжыды", - дейді Білім және Ғылым министрлігінің өкілдері. Барлық ТМД елдерінің ішінен 26-орынды иеленген Ресейге ғана жол беріп, білім индексі бойынша Қазақстан 35-орын алды. Сонымен қатар, Legatum Institute деректері бойынша, білім деңгейі бізде Қытай мен Түркияға қарағанда жоғары. "Қазақстанның гүлдену индексіне келтірілген түсініктемелерде Қазақстанда білім деңгейі мықты екендігі көрсетілген. Бұл еліміздің әрдайым Білім санаты бойынша 40 мықты елдер қатарында болуымен дәлелденеді. Мемлекетіміз Орталық және Батыс Азия бойынша білім саласында үздік деп танылды және 2011 жылы ЮНЕСКО "Баршаға арналған білім" индексінде бірінші орын алды", - деді министрліктегілер. Есепке сәйкес, Қазақстандағы білім деңгейі орташа әлемдік деңгейден және Тәжікстан мен Қырғызстан деңгейінен әлдеқайда асып түседі.

"Жетістіктер кездейсоқ емес, себебі "Қазақстан 2050" бағдарламасы аясында Қазақстан халықтың сауаттылық деңгейін 99,8 пайызға дейін көтеру және халықтың бастауыш сыныптарды 100 пайызға аяқтауы үшін зор күш салып жатыр. Білім теңсіздігі көрсеткіші өте төмен, ал қыз балалар мен ер балаларды қамту коэффициенті әлемдегі ең жақсыларының бірі. Барлығы үшін тегін және міндетті орта білімнің болуы мемлекеттің орта білімнің ең жоғары көрсеткішіне жетуін қамтамасыз етті. Сонымен қатар, мектепке дейінгі оқыту бағдарламасын кеңейтіп, келесі онжылдықта Қазақстан білім берудің барлық деңгейінде ірі реформалар жүргізуді жалғастырмақ", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

Фото: tengrinews.kz


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.