Қаз   Рус

Қазақтарға жаңғақ өсіріп баюға бола ма?

339 қаралды
0
Меруерт ХУСАИНОВА
Среда, 24 Янв 2018, 19:15

Еліміздің оңтүстік өңірлері бұл жемісті өсіруге өте ыңғайлы екен

Қазақстанда жаңғақ өсірумен айналысу және осы кәсіптің тиімді тұстары жөнінде Алматыдағы Каспий университетінде өткен жиында кеңінен сөз болды. Жиынға халықаралық жаңғақ өсіру аcсоциациясының вице-президенті Джузеппе КАЛЬКАНИ қатысып, студенттер мен журналистерге азық-түлік қауіпсіздігі мен жаңғақ өсіруге байланысты ой-пікірін жеткізді.

Джузеппе Калькани көп жылдан бері Каспий университетінің үш түрлі ғылыми бағытында бірлесе жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, кешегі жиында Джузеппе Калькани Каспий университетінің Құрметті профессоры атағымен марапатталды.

Әрбір мемлекет өз тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуі керек. Сонда ғана ол елдің экономикалық тұрақтылығы сақталады. Осыған байланысты университеттің ректоры Жолдасбек НҮСЕНОВ: «Әлем бойынша азық-түлік қауіпсіздігінің тапшылығы түрлі шешім қабылдауды талап етуде. Соның бірі­ – құнары жоғары өнімдер өсіру. Мәселен, жаңғақ  - өсімдіктектес ақуызға өте бай жеміс. Сонымен қатар бұл жемістің бағасы да арзан емес, әрі  оны ұзақ уақыт сақтауға болады. Жаңғақтың бәсекеге қабілеті жоғары, сауда нарығында тиімді тауар», - деп Қазақстан табиғатының жаңғақ өсіруге қолайлы екенін айтты.

Жаңғақ қазақстандықтар үшін маракуйя, папайя, кофе, лимон секілді экзотикалық жеміс деп саналмайды. Бұл жемісті өсіру үшін белгілі бір ауа температурасы немесе арнайы жылыжайдың қажеті жоқ.

«Грек жаңғағын және жаңғақтың басқа да түрлерін өсіруге жер бетінде топырақтың 7 пайызы ғана қолайлы екен. Соған қарамастан Қазақстанда жаңғақтың кез-келген түрін өсіруге болады. Жаңғақ өсіру кәсібі ел экономикасына да, кәсіпкерге де көп пайда береді. Жергілікті агрономдар 1,2 млн гектар жерге жаңғақ өсіруді қолға алмақ. Мұндай көлемдегі жерге жаңғақ өсіру арқылы шамамен 30 млрд доллар пайда табуға болады. Өйткені Қытай, Үндістан және араб елдерінің сауда нарығында жаңғақ жоғары сұранысқа ие», - Джузеппе Калькани.

Қазақстандық жаңғақ және жемістерді қайта өңдеушілер мен өнім шығарушы ассоциациасының мәліметінше, әлемдік нарықта таза экологиялық жаңғақ дәндеріне соңғы алты жылда сұраныс артқан.  Мысалы, қазақстандық грек жаңғағына деген сұраныс 28,6 пайызға өскен, яғни 700 млн тоннаға сұраныс көбейген.

Ал жаңғақ өсіретін алқаптардың аясы кеңіп, 2017 жылы 693,4 гектарға жеткен. Грек жаңғағын, бадам, фундук секілді жемістер өсіруге еліміздің оңтүстік (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда) облыстарының климаты мен топырағы өте ыңғайлы екен.

Фото автордікі. 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.