Қаз   Рус

Бердібек Сапарбаев: Қыздар жігіттерді сабайтын заман болды

126 қаралды
0
Ратель
Вторник, 26 Дек 2017, 10:45

Ақтөбе облысының басшысы жастар арасында жұмысты күшейтуді тапсырды

Ақтөбеде жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қыздар арасындағы төбелес пен қыздардың жігіттерді сабау дерегі жиі тіркелетінін айтып, жұмысты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе халқының 27 пайызын жастар құрайды. Облыс халқының 222 мыңы жастар болса, оның 51 мыңнан астамы орта арнаулы немесе жоғары оқу орнында білім алады. Өңірде 69 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс істеп тұр. Ақтөбе облыстық әкімдігінде өткен жастар ісі жөніндегі кеңесте жастарды жұмыспен қамту, бос уақыттарын тиімді пайдалану, олардың белсенділігін арттыру сөз болды. Бұл салаға жыл сайын 480 миллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Дегенмен жылдың қорытындысы тыңдалған кеңесте кемшіліктер тізбектелді.. «Спорт, мәдени ғимараттар бос тұрмауы қажет. Олар таңның атысы, күннің батысына дейін жұмыс істеуі керек.

Оқи отырыңыз
Қызылордалық әкімдер түнгі клубқа қызметтік көлікпен неге барған

«Демалыс, мереке күндері кешкілік қайда баратынымызды білмейміз» деп айтады. Жастар түнгі клубта жүреді, төбелеседі. Ақшасын бекер шашады. Сол күші мен қаржысын денсаулығына, ой-өресін көтеруге жұмсаса, қыз-жігіттердің болашағы жаман болмайды. Өкініштісі, түнгі сағат 3-4 болғанда жастар клубтан шығып, төбелеседі. Қыздар қыздармен төбелеседі, қыздар жігіттерді сабайды. Кейінгі кезде сондай дерек жиілеп барады. Осы мәселені зерттеп, ата-аналармен жұмысты күшейту керек. Көбі колледж студенті екен. Ата-анасы «балам, қызым оқып жүр, бәрі жақсы» деп ойлайды. Зейнетақы, жәрдемақысынан жырып, баласына жібереді. Ал олар қалада қыдырып жүреді. Соны бақылып, жұмысты жандандыру керек», - деді Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы кез келген іс-шараның нәтижесі болуын тапсырды. Мәселен, «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында жұмыс жүргізіліп, жалпы қылмыс 28 пайызға азайды. Бірақ жастар арасындағы қылмыс биыл 43 пайызға өсті. Ал зорлық 16-дан 23-ке жетті. Өсім бұл бағытта да бар. «Төбелесетін жастардың барлығын 15 күнге қамау керек. Ата-анасын шақыртып, олардың аты-жөндерін баспасөзге жариялау керек. Сол кезде тәртіп болады. Ата-ана баласының, қоғамның алдында жауапкершілігін сезіну керек. Бізде оқу орнына, билікке, полицияға жүк артып қойған», - деді Б.Сапарбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!