Қаз   Рус

Черчилльден Димашқа дейін

118 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 25 Дек 2017, 09:00

Ит жылы туған тұлғалар

Қазақ халқы ит жылын «ауыртпалықты артқа тастайтын, береке-бірліктің» жылы деп санайды. Ұлтымыз кие тұтатын жеті қазынаның да бірі - ит. Береке-бірлігі мол ит жылы қазаққа ақынды да, батырды да сыйлады. Келе жатқан жаңа жылда да барша халыққа бірлік пен табыс тілей отырып, назарларыңызға ит жылы дүниеге келген отандық және әлемдік тұлғалардың кім екенін сараптап көрсек.

Оқи отырыңыз
Жұлдыздар ұстанатын жаңа жылдық дәстүрлер

Өткен уақыттың күнтізбесін ақтарып қарасақ, 1910, 1922, 1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018 жылдар ит жылына тұспа-тұс келіп тұр. Бұдан бұрынғы тарихқа көз жіберсек, 1886 - ит жылы Алаш арыстарының белді мүшесі Жаһанша ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ дүниеге келгенін білеміз. Арада бір мүшел уақыттан кейін Алаш ардақтыларының тағы бірі Темірбек ЖҮРГЕНОВ өмір есігін ашқан. Қазақтың даңқын әлемге танытқан Бауыржан МОМЫШҰЛЫНЫҢ да өмірге келген уақыты - 1910 жыл ит жылы. Бар-жоғы 22 жасында асқан ерлігімен майдан даласында өмірден өткен Кеңес одағының батыры Ізғұтты АЙТЫҚОВ та 1922-ші ит жылының тумасы.

Оқи отырыңыз
2018 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр

Ізғұттымен бірге, Кеңес одағының батыры атанғандардың ішінде ішінде ит жылы туғандар - Талғат БИГЕЛДИНОВ, Тоғанбай ҚАУЫНБАЕВ, қазақтың батыр қыздары Мәншүк МӘМЕТОВАова мен Хиуаз ДОСПАНОВАЛАР. Қазақ руханияты мен әдебиетін алға сүйрегендердің ішінде ит жылы туған тұлғалар баршылық.

Атап айтқанда, Сафуан ШАЙМЕРДЕНОВ, Сырбай МӘУЛЕНОВ, Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ, Оспанхан ӘУБӘКІРОВ, Қалаубек ТҰРСЫНҚҰЛОВ, Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, Қасымхан БЕГМАНОВ қатарлы танымал ақын-жазушыларды атап өтуге болады. Атақты әншілер Роза БАҒЛАНОВА, Нұржамал ҮСЕНБАЕВА мен Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН де ит жылы туған. Тағы бір қызығы, ғарышқа тұңғыш көтерілген Юрий ГАГАРИН де, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар ӘУБАКІРОВ те ит жылы өмірге келгендер. Алаш тарихын зерттеуде аса зор үлесі қосып жүрген Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ, вице-премьер Ерболат ДОСАЕВ та ит жылында туғандардың қатарында. Сонымен қатар, Қазақстанның атын әлемге танытқан Геннадий ГОЛОВКИН де биыл үшінші мүшел жасына аяқ басқалы отыр. Ит жылы өмірге келген әлемге әйгілі тұлғалардан Ұлыбританияның атақты қайраткері Уинстон ЧЕРЧИЛЛЬДІ, әнші Майкл ДЖЕКСОН мен Мадоннаны, актриса Софи ЛОРЕН, Бриджит БАРДОНЫ, жиһанкез Жак Ив КУСТОНЫ, америкалық жазушы Стивен КИНГТІ, актер Сильвестр СТАЛОНЕ, Алек БОЛДУИНДІ және Шерон СТОУНДЫ, Ли Бен ХОНДЫ, жазушылар Ги де МОПАССАН, Виктор ГЮГО, Александра ДЮМА, Эрнест ХЕМИНГУЭЙДІ атап өтуге болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Фото: Inform.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!