Қаз   Рус

Ең ұзын бұрымды ару Өскеменде тұрады

425 қаралды
0
Ратель
Вторник, 28 Ноя 2017, 11:15

Лаура Аипованың шашы жерге сәл ғана жетпейді - оның ұзындығы 1,5 метрден асады

Өскемендік Лаура АИПОВАНЫҢ бұрымы жерге сәл ғана жетпейді, деп жазады Алтайньюс сайты. 
Сәнді етіп көрсетуге тырысып ұзын шашты қылтитып қиып, онымен қоймай сарала, көкала ғып басқа түске бояп тастап жүрген қыз-келіншектер Лаураның арқасында ойнаған қос бұрымын көріп қалса сөз жоқ сүйсінер еді!
Өскемендік Лаура Аипованы көшеден, қоғамдық көліктен, басқа да жерлерден көріп қалған жандардың көпшілігі оны әңгімеге тартып, жақынырақ танысқысы келіп жатады. Мен Лаурамен оның өзінің жұмыс орыны- Өскемендегі «ОблШығысЖол» мекемесінде таныстым. Осы ұжымда кеңсе хатшысы болып қызмет етіп жатқан Лаура Марқакөл өңірінің тумасы, ШҚМТУ-дың түлегі екен.
— Шашымды 5-сыныпта оқып жүргенімде қысқа етіп қидырып тастағаным есімді. Содан кейін ұзын шашыма қайшы тигізіп көрген емеспін. Жерге түсіп, шаң болмас үшін ғана ұшын аздап қысқартып қоямын,-дейді Лаура.
Сұлулықты бұрымға сидырып «Таудың көркі –тас, қыздың көркі-шаш» деп жататын қазақ халқының ұғымында шаш әйел затының, қазақ қызының сәні, көркі деп бағаланып келеді. Лаураның сүмбіл шашына таңданбаған, көзі түспеген жан кемде –кем. Кейде аялдаманың өзінде оның теріс қарап тұрғанын пайдаланып, ұялы телефонға «сыртылдатып» суретке түсіріп алып жататындар да көп екен.


- Мен шашымды көбінесе түйіп жүремін. Бірақ кейде көшеге әдейілеп өріп қойып шығатын кездерім де болады. Ондай кездері әрине маған көрсетіліп жататын құрмет те, ілтипат та, ізет те айырықша. Шашымды өріп шығуым мақтанайын немесе көзге түсейін дегендіктен емес. Қыздар, ата-аналар шашымды көріп, өздерінің де шашын, өз қыздарының да шашын осылай күтіп, баптап өсірсін деген оймен. Қыздар өздерінің шашын аяласа, өзін аялағаны деп білемін,-деген Лаура тіл, көз тимес үшін киіміне түйреуіш тағып қоятынын да жасырған жоқ.
Лаураның бұрымының ұзындығы қазір 1,5 метрден асыпты. Жерге жетуге аз-ақ қалған оның ерекше бұрымын анадайдан байқаған ақ жаулықты апа көшеде кетіп бара жатқан жерінен тоқтай қалып, қолын жайып ақ батасын беріпті. Қолаң шашты қызымызға біз де елінің көркі бола беруін тіледік.

Фото: altaynews.kz

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)