Қаз   Рус

Латвияда Асылбек Мусинның өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды

329 қаралды
0
Ратель
Среда, 27 Дек 2017, 12:15

Асылбек Мусин Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне діннен дәріс оқыпты

Президент әкімшілігінің бұрыңғы жетекшісі Аслан МУСИННЫҢ ұлы Асылбек МУСИННЫҢ мезгілсіз өліміне қатысты Латвияда тергеу жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды ҚазТАГ ҚР СІМ-не сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз
Аслан Мусинның ұлы қайтыс болды

 «Біз А. Мусинның Ригада қайтыс болғанын растаймыз. Әзірге тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Болған істің анық-қанығы анықталып жатыр», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі  27 желтоқсан күні.

Ratel.kz 26 қазан күні Асылбек Мусинның мезгілсіз дүниеден қайтқанын хабарлаған болатын. Қаралы хабар ең бірінші әлеуметтік желіде жарияланған. Сайтымыздың сенімді дереккөздері де тілшімізге Ригадағы қайғылы оқиғаны растаған болатын.

Асылбек Мусин өлімі туралы саясаттанушы Талғат ҚАЛИЕВ 27 желтоқсан күні  Telegram-каналында жариялаған. Алдын ала белгілі болғандай марқұм желтоқсанның 23-нен 24-не қараған түні ауыр жарақаттан көз жұмған. Ол тұрғын үйдің 15-ші қабатынан құлапты.

Отыз сегіз жастағы Асылбек Мусин «Ізгі амал» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі болған. Қазақстандағы құраншылардың көсемі болып саналған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне дін жайында дәріс оқыды деген ақпарат та бар.

Асылбек Мусинның әкесі – Аслан Мусин, экономист, белгілі саяси қайраткер. Қазір зейнеткер. 2008-2012 жыл аралығында Президент әкімшілігін басқарды. Сол жылдары ұлының діни уағыздары кеңнен тарала бастады. Кейбір ақпарат көздері Аслан Мусинның жылы орнынан кетуін 2011 жылғы Жаңаөзен қанды оқиғасымен байланыстырды. 2012 жылы Есеп комитетінің басшылығына ауысса, 2014 жылы Хорватияға президенттің шешімімен елші болып кетті. Ол осы жылдың қаңтар айында зейнетке шыққан болатын. Әкесінің қызметі түскен сайын құраншы баланың аты да аз естіле бастаған.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!