Қаз   Рус

Левиттің алтынын қайтарып берулері мүмкін

2400 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Вторник, 06 Фев 2018, 09:00

Егер боксты Олимпиада бағдарламасынан алып тастаса, төрт жылда бір өтетін айтулы додада алтын медаль саны кемитін болады

Жуырда Халықаралық олимпиада комитеті 2020 жылы Токио Олимпиадасынан әуесқой боксты алыптастау мүмкін деген деген ақпарат тараған болатын. Rатеl.kz тілшісіне осы мәселеге қатысты бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали АЙТЖАНОВ өз пікірін білдірді.

Оқи отырыңыз
«Реалға» Йохим Лёв келсе, Криштиану Роналду кетеді

- Қазір бокс қауымдастығы қыл үстінде тұр. Бұл бір жылдың ішінде болған нәрсе емес. Жекелеген адамдардың жұмысындағы кінәрат үшін боксты олипиададан алып тастамас деген ойдамыз. Бокс терең тарихы бар спорт түрі. 1904 жылдан бері Олимпиадалық спорт түрлеріне жатады. ХОК-ті мыңдаған бапкерлер мен спортшылардың еңбегін, бокс жұлдыздары мен жанкүйерлердің пікірімен санасады деп ойлаймын, - дейді Мырзағали Құланұлы.

«Р-Спорт» порталының хабарлауынша,комитет төрағасы Томас БАХ боксты алдағы Олимпиададан алып тастау мәселесін қарастырып жатыр екен.Комитет басшысы AIBA төрешілерінің жұмысы мен допингке қарсы күресіне көңіл толмайтындығын да атап өткен. Атап айтқанда ресейлік Евгений Тищенко финалда қазақ боксшысы Василий Левитті жеңген кездесу және екіншісі тағы бір ресейлік Владимир Никитин мен ирландиялық Майкл Конлан арасындағы кездесу.Бұл жекпе-жектер Рио олимпиадасында өткен еді.

Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, бокс олимпиада сайын алтын алып келіп жүрген Қазақстандағы нөмірі бірінші спорт түрі. Егер боксқа қатысты ХОК қатаң жаза қолданса алдағы спорттық дода да алтындар саны азаятыны сөзсіз дейді.

- Бұл жерде Левит пен Тищенко арасындағы жекпе-жек те қаралып жатыр. Васяның жеңгенін төрткүл дүниенің жанкүйерлері көрді. Халықаралық БАҚ-өкілдері де жарыса жазып,көптеген белгілі боксшылар, спорт сарапшылары Левиттің жеңгенін айтқан еді. Егер ХОК-ті бұл іске шындап кірісетін болса, біздің боксшымызға алтын медалін қайтарып берулері мүмкін. Өйткені спорт та ондай оқиғалар болып жатыр, - дейді Мырзағали Айтжанов.

Ал, үнемі Олимпиадада бокстан алтын алып жүрген қазақтар үшін жоғарыда көтерілген мәселе өте маңызды екені белгілі.

Фото: sports.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!