Қаз   Рус

Оралда жалған ақша жасағандар ұсталды

837 қаралды
0
Алла ЗЛОБИНА
Четверг, 01 Фев 2018, 13:15

Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлерінің айтуынша, саудагерлер қолдан жасалған 20 мыңдықтарды ажырата алмаған

Өткен аптада Орал қаласында қолдан ақша жасаушы топ ұсталды. Олар жиырма мыңдық теңгені дүкендер мен базарларда сауда жасап айналымға жіберген.

Оқи отырыңыз
Бозымбаевтың көмірі Алматы облысына жеткен жоқ

БҚО Мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық тергеу қызметінің Ratel.kz тілшісіне хабарлауынша, алаяқтар қалаға біршама жалған ақшаларды таратып тастаған. Бұл топ Батыс Қазақстан облысының тұрғындары емес. Олар соңғы екі аптада белсенді түрде өтірік ақшаны таратумен айналысқан. Қазірге Мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметі 14 фактіні анықтаған.

Күдіктілер 20-мыңдық жалған ақшаны жалдамалы пәтерде басып шығарған. Тінту кезінде принтер, планшет т.б техникалық құрылғылар табылған. МКД-нің қызметкерлерінің айтуынша, жалған ақшалар өте сапалы жасалған. Сауда орындарының сатушылары бірден оның қолдан жасалғанын аңғармапты. Алаяқтар дүкендердегі бақылау камералары арқылы анықталып ұсталған.

Қанша 20-мыңдық теңге айналымда екені анықталып жатыр. Және МКД-ні экономикалық тергеу қызметі ҚР ҚК-нің 206 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдіктілер 5 жылдан 10 жылға дейін сотталып, дүние-мүлкілері тәркіленулері мүмкін. Оралда жалған ақша жасаушылардың ұсталу фактісі жиі тіркелмеседе, ұдайы болып тұрады. Естеріңізге сала кетейік, 1978 жылғы Камерун азаматы Оралға келген болатын. Шетелдік азамат Қазақстанға бизнес серіктес іздеп келгендей болып, өтірік долларларды таратқан. Артынша өзі де, оған көмектескен оралдық әйел де ұсталған еді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.