Қаз   Рус

Шахтинскіде студент өрттен екі адамды алып шыққан

1221 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Среда, 21 Фев 2018, 09:00

Газ балонының жарылатынын біле тұра лапылдаған оттан екі адамды құтқарған 17 жасар Алексей Шинкарев өз әрекетін ерлік деп санамайды

Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қаласында 200 шаршы көлеміндегі екі қожайындық жер үй өртенді. Қайғылы оқиға кезінде 1994 жылғы азамат пен оның болашақ жары сол үйде болған. Газ балонынан шыққан ақаудан баспана бірден лапылдай бастаған. Сол кезде көршісі 17 жасар Алексей ШИНКАРЕВ ауласында көмір кіргізіп жүріп жалынды көрген. Ойланбастан, бірден көмекке ұмтылған.

«Көршіміз алдымен ұлымды үйден сыртқа шығарған. Кейін төсектен шыға алмай жатқан Аннаны құтқарды. Бірден жедел жәрдім шақырып, алғашқы көмек көрсетті. Қазір менде құжаттарыма дейін жанып кетті. Үйдің қаңқасы көкке ұшты. Балаларым ауыр халде. Тек солардың амандығын тілеймін», деп көз жасына ерік берген Елена Ефимова далада қалғанын айтты.

Тілсіз жауды көре тұра және екінші балонның жарылатынын ескеріп, өз өмірін қауыпке тіккен Шахтинск қаласының тау кен индустриалды колледжінің екінші курс студенті Алексей Шинкарев іс әрекетін ерлік деп санамайды.

«Аулада жұмыстарымды жасап жатқанда көрші үйден лапылдаған өртті бірден көре сала сол жаққа ұмтылдым. Менде ол жерде қорқыныш деген болмады. Тіптен қалай құтқарып, оларды шығарғанымды білмеймін. Барлығы автоматты түрде жүрді. Мен олардың көмек сұрап, күйіп жатқандарын көріп, жылдам әрекет жасауға барынша тырыстым. Сегіз жасымнан Данилды танимын. Бірінші Данилды шығарып, кейін Аннаны көтеріп алдым. Үйге алып келіп, жедел жәрдем шақырдым. Күйіктері қатты болды. Бірақ олардың тірі қалатынына сенемін» - деді ол.

Дәрігерлердің мәліметінше, екі науқаста өте ауыр жағдайда екен. Қазір реанимация бөлімінде шокқа байланысты медициналық шаралар жүргізіліп жатыр.

«1994 жылғы азамат 60 пайыз күйік алса, екінші азаматша 2001 жылғы баланың 50 пайыз денесі зақымданған. Онымен қоса, науқастардың тыныс алу мүшелері де күйген. Себебі, ыстық ауа сол дем алу барысында тыныс мүшелері зақымдаған. Жағдайлары өте ауыр, өмірлеріне қауіп бар. Бар келген шараны жасап жатырмыз», дейді Х.Мақажанов клиникасы басшысының орынбасы Берік ТҮЛЕУБАЕВ.

Облыстық төтенше жағдайлар қызметі жыл басынан бері аталған қайғылы жағдайдан жеті адамның қаза болғанын айтты.

«Қарағанды облысында жыл басынан бері 262 өрт орын алды. Оның ішінде 7 адамның өмірі қиылды. Қаншалықты насихат жұмысы жүргізілгенімен, тұрғындар тиісті тәртіп пен сақтық шараларын қолданбайды. Кешегі өрттің өзінде өрт дәрежелерін бұзып, газ балонын қолданған. Салдарынан 100 шаршы метр толық жанып кетті. Екі адам зардап шекті. Жер үйдердің 80 пайызы өрттен жанып кетіп жатыр» деді БАУЫРЖАН БАДЫЛБАЕВ, Қарағанды облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі бойынша бақылау және алдын алу қызметі жөніндегі басқармасының басшысы.

Фото автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!