Қаз   Рус

Шымкентте газеттің бас редакторы ұсталды

1183 қаралды
0
Динара БЕКБОЛАЕВА
Понедельник, 22 Янв 2018, 14:00

Журналист аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді

Шымкент қаласында «Темір қазық ой» республикалық қоғамдық-саяси газеттің бас редакторы Анаркүл СҮЛЕЕВА қамауға алынды. Журналист адам ұрлау, бопсалау және бұзақылық сияқты ауыр қылмыстар бойынша күдікке ілінді.  

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмыс 2016 жылы жасалған. 41 жастағы әйел және оның үш сыбайласы ер адамға ішімдік беріп мас қылған, оны жалдамалы пәтерде мәжбүрлеп ұстап, жалаңаш күйінде видеога түсірген. Кейін бұл жазба желіге тарап кеткен.

Біздің ақпарат бойынша, жәбірленуші жергілікті ауыл мешітінің имамы болуға үміткер болған екен. Бұл оқиғадан кейін, көздеген қызметіне қол жеткізе алмаған. Жәбірленуші құқық қорғау органдарына шағымданғаннан кейін, полиция қылмыскерлерді тұтқындаған.

Айта кетеік, Сүлеева «Темір қазық ой» газетінің бас редакторы ғана болып қоймай, оның бірден бір иесі болып табылады. Басылымда сын мақалалар жиі жарияланып тұратын.

Сондай-ақ,  Анаркүл Сулеева Оңтүстік Қазақстан облыс әкімшілігінен бірнеше рет марапат алғаны белгілі.

Айтпақшы, бұндай оқиға Шымкент үшін жаңалық емес. Еске сала кетейік, 2017 жылдың желтоқсан айында қалада шығатын «Қоғамдық бақылау» газетінің бас редакторы Ғани ӨМІРӘЛИЕВ алаяқтық үшін сотталған болатын. Ол «билік өкiлiнiң немесе мемлекеттiк лауазым атағын өз бетiнше иемденіп алу» деген бап бойынша кінәлі болып танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Өзін алаяқтық жолмен салық мекемесінің қызметкерімін деп таныстырған Өмірәлиев кәсіпкерлерге қамқорлық жасаймын деп, жыл бойы ақша алып отырған.

Одан бөлек, өткен жылдың желтоқсанында Шымкентте қылмыстық іске байланысты жалған мәлімет берген үшін қоғамдық белсендісі Сүйін АБУЛДАЕВ ұсталған болатын. Қазіргі уақытта ол сот басталғанша кепілмен босатылды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."