Қаз   Рус

Төреғалидің әндері әйелдердің толғағын жеңілдетеді

1514 қаралды
0
Ратель
Четверг, 22 Фев 2018, 12:15

Мамандардың айтуынша, жас әншілердің әндерін орындаса жүкті әйелдердің толғағы жеңілдейді екен

Абай Бегей, Ерке ЕСМАХАН, Төреғали ТӨРЕӘЛІ сынды жас әншілердің әндерін орындаған жүкті әйелдердің толғағы жеңілдейді.

Астана қаласының №3 перинаталдық орталығының мамандары вокалотерапия арқылы жүкті әйелдері босануға дайындап, толғағын жеңілдете бастады, деп хабарлайды Елорда инфо.

Оқи отырыңыз
Томирис туралы не білеміз?

Мамандардың пайымынша,  құрсақтағы нәресте 15 аптадан бастап анасы мен айналадағы дыбыстарды ести бастайды. Ал босану кезінде анасының дауысын дұрыс басқару баласының жеңіл босануына және босанудан кейінгі стресстен сақтауға септігін тигізеді, дейді дәрігерлер.

Осыған орай №3 қалалық перинаталдық орталықта жүкті әйелдерді босануға дайындайтын вокалотерапия, яғни тыныс алу гимнастикасы енгізілді.

"Эмоциялық стрестен арылту үшін жүктілік кезінде әйелдермен жаттығу өткізіледі. Әрі босану кезіндегі толғағы қысатын белгілі бір кезеңде де өтеді. Яғни, ән айту кезінде тыныстау дұрысталады, ол толғақты жеңілдетеді", — деді вокалотерапия шеберлігін жүргізетін медицина ғылымдарының докторы Сабира Кульчимбаева.

Перинаталды психология маманы вокалотерапиямен дайындалған әйелдердің босануы мен эмоциялық жағдайы жақсы екенін дәлелдеген. Бұл әдісті қолданысқа енгізбес бұрын Аргентина, Италия және т.б. елдерге барып тәжірибе жинаған.

"Жүкті әйелдер орындайтын әндер тыныс алу түрлеріне қарай таңдалады. Бүгінгі күні халықаралық тәжірибеге сәйкес тыныс алудың 7 түрі бар. Ол 20 жылдан астам уақыт зерттелген. Соның негізінде босану кезінде ауырсынуды басудың бір жолы  –  Ламаз әдістемесі бойынша тыныс алу методикасы енгізілді", — деді Сабира Кульчимбаева.

Оның айтуынша, аталған тыныс алу түрлеріне қарай әйелдер орындайтын әндер таңдалады. №3 перинаталдық орталықта жаттығушы жүкті әйелдер орындайтын әндердің арасында Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" сынды классикалық әннен бастап, қазіргі күні тойларда жиі айтылатын Абай Бегей, Ерке Есмахан, Төреғали Төрәлі сынды жас әншілер орындайтын "Қызыл өрік", "Қайда", "Бол жанымда" сынды әндер бар.

"Әндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таңдалады. Әйел қай ұлттан екені әрі қай тілде айтқан ыңғайлы екені ескеріледі. Сондай-ақ ән айту кезінде түрлі музыкалық аспаппен сүйемелденеді, өйткені аспаптар адамның органдарына әсер етеді", — деді перинаталды психолог.

Бұдан бөлек, мамандар толғақты жеңілдететін басқа да әдістерді енгізіп жатыр. Атап айтқанда би арқылы босану тұрысын жаттықтыру. Бұл әдіс әйелдің көтеріңкі көңіл күймен босануына жәрдемдеседі.

ДереккөзSputniknews.kz.

Фотоastana.new.ppz.kz.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.