Қаз   Рус

Өзіне қол салғандарды бөлек жерлеу дұрыс па?

438 қаралды
0
Меруерт ХУСАИНОВА
Понедельник, 12 Фев 2018, 16:30

Кейбір сарапшылар шариғат бойынша бөлек жерленеді десе, басқасы бұл туралы Құранда айтылмаған дейді

Ақмола облысы, Көкшетау қаласына қарасты Красный Яр елдімекенінде өз өзіне қол салғандар бөлек жерленіп жатқандығы туралы БАҚ жазған еді. Бұл бастаманы Красный Яр мешітінің бас имамы Науан МҮТӘЛІҰЛЫ көтерген болатын.

Алайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұны құптамайды. Біз хабарласқан  Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылдық округі мешітінің бас имамы Айғабыл ШӘДЕНОВ Діни басқарма пәрмен бермесе, өз беттерінше мұндай пәтуа шығара алмайтындарын айтты. Өз өзіне қол салу жағдайы Қызылтөбе ауылында да болатынын жасырмаған имам әзірге ондайларды бөлек жерлеу рәсімі болмағанын мәлімдеді.

Ал, белгілі дінтанушы Досай КЕНЖЕТАЙ  шариғат бойынша өз өмірін қиған, суицид жасаған адамды бөлек жерлеу шариғат бойынша дұрыс деп санайды.  

Оқи отырыңыз
Дінтанушы: Мұғалімдерді хиджаб дауына араластырудың қажеті жоқ

Христиан дінінде де өз өмірін қиған адамның күнәсі ауыр саналады.

«Өз өзіне қол салу- үлкен күнә. Осы себептен де ондайларды зираттың шетіне, бөлек жерлейді. Бұрындары христиан діні өкілдерінің зиратында суицид жасағандардың бөлек орны болатын. Өкінішке қарай, қазір бұл тәртіп үнемі сақтала бермейді. Алайда күні бүгінге дейін өз өзіне қол салған адамды шіркеу мен шіркеуге таяу зиратқа жерлеуге жол берілмейді. Сондай-ақ, Христиан дінінде суицид жасаған адамды жоқтап жылауға, арнайы дұға оқуға, тіпті, қоштасарда мәйіттің бетінен сүюге тыйым салынады», - дейді Алматы облысындағы «Спасо-Силуанова» шіркеуінің қызметкері Анатолий МИХЕЙНИН.

Дінтанушы Мұрат ТЕЛІБЕКОВ бұл мәселеге қатысты: «Ислам дінінде өзіне қол салуды құптамайды. Десек те, қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде эфтаназия, яғни адамның өз еркімен өмірден кетуі заңмен бекітілген. Сонымен қатар, адам біреуді құтқару барысында өлімге басын тікті ме, әлде наразылығын білдіру мақсатында өз-өзін өртеді ме? Мұны ерлік дейміз бе, суицид дейміз бе? Бұл сұрақтардың нақты жауабы жоқ. Өзіне қол салған адамды жазғырудан гөрі, оның әрекетіне түсіністік таныту керек сияқты. Ал Құранда суицид жасағанды бөлек жерлеу туралы жазылмаған. Сондықтан өзіне қол салған адамды бөлек жерлеуге ешкімнің қақысы жоқ», - дейді.   
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)