Қаз   Рус

Алматыда Фурманов көшесі Назарбаев даңғылына айналды

111 қаралды
0
Ратель
Четверг, 30 Ноя 2017, 10:45

Қала мәсліхаты көпшілік болжаған шешімді қабылдады

Бүгін Алматы қаласы қалалық мәслихатының VI шақырылымы мегаполис тұрғындарының көптен бергі ұсынысына және қалалық ономастикалық комиссияның шешіміне сәйкес Алматы қаласының негізгі көшелерінің бірі саналатын Фурманов даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев атауына ауыстырды, деп жазады ҚазТАГ агенттігі.

Оқи отырыңыз
«Нұр Отанға» КВНщик неге мүше болғысы келмеді

Сессия барысында Бауыржан Байбек алматылықтардан, қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес ұйымдардан, соның ішінде әсіресе жастар тарапынан Фурманов көшесінің атауын Назарбаевқа ауыстыру жөніндегі ұсыныс көптеп түскенін айтып өтті.

Көше атауының өзгеруі тұрғындарға қиындық тудырар белгілі бір мәселелер болмайды. Қажетті анықтама құжаттары әдеттегідей электронды үкіметтен алынады.

Алматының басты көшесінің аты өзгеруін тарихи шешімге балаған «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы, мәслихат депутаты Қали СӘРСЕНБАЙ бұл тарихи шешімді қала тұрғындары көп күткенін айта келіп: «Біз өз жеріміз, еліміз үшін күрескен ата-бабаларымызды, батырларымызды есімізде сақтаймыз. Ал қазіргі заманда Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған, Отанымызды халықаралық деңгейде даңқын асырған адам – әрине, Бірінші Президент Нұрсұлтан Әбішұлы. Біздің мақсат оның ерен еңбегін ұрпаққа мұра ету. Бұл тек менің ғана емес, газетімізге келіп түскен көптеген азаматтардың да пікірі», –  деді.  

Еске сала кетейік, осыған дейін де қоғам тарапынан Алматының бас көшесі Фурмановтың атын Кенесары сынды батыр тұлғалар мен бұрынғы ел басқарған азаматтардың атымен өзгерту туралы ұсыныс болған-ды. Тіпті, бірер жыл бұрын ғана Фурманов көшесіне саясаткер, қоғам қайраткерлері Заманбек НҰРҚАДІЛОВТІҢ не Алтынбек СӘРСЕНБАЕВТІҢ атын беру туралы қалалық әкімдікке қоғам белсенділері ресми хат та тапсырған еді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."