Қаз   Рус

Аштық жылдары ең көп зардап шеккен қазақтар

1115 қаралды
0
Ратель
Суббота, 25 Ноя 2017, 12:00

Украиналық демографтар 1930-жылдары қазақ халқының 22,4 пайызы аштықтың құрбанына айналды дейді

Фотода: •РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3466  Баян-Ауыл маңындағы Әулие-Тас үңгірі алдында отырған қазақ жігіті. Павлодар облысы, 1928 ж.

Украинаның ҰҒА-ның демография  институты ХХ ғасырдың  30 жылдары ашаршылықтан ең көп зардап шеккен Қазақстан деп мәлімдеді. Екінші орында Украина. Бұл туралы украиналық Уніан ақпараттық агенттігі хабарлады.

Оқи отырыңыз
Қылқаламнан төгілген ашаршылық қасіреті

Украина ҰҒА М.В.Птухи атындағы демография және әлеуметтік зерттеу институты директоры Александр ГЛАДУННЫҢ айтуынша,  1930-жылдары Украинада 3,9 млн адам аштықтан өлген. Сондай-ақ, А. Гладун саясаткерлер мен БАҚ-ры бұл санды 7,10 тіпті 12 миллионға  жеткізетінін айтты.

«Сондықтан да біз ғалым ретінде құрбандардың нақты санын жариялауды жөн санадық», - деді Гладун.

Ғалымдардың есебінше, КСРО көлемінде 1932-1934 жылдары 8,7 миллион адам аштықтан дүние салған. Алайда, демографтар республикалар арасындағы адам шығынын салыстыру ыңғайсыз, өйткені халқының сандары әрқалай еді дегенді айтады. Яғни пайызға шыққанда, Қазақстанның сол бір  зұлмат жылдары халқының 22,4 пайызы қырылып қалған. Ал Украина 13,3, Ресей 3,2, Беларусь болса халқының  1,3 пайызынан айырылған.

«Киев бірінші рет ашаршылықтан Украинадан да қатты зардап шеккен ел барын бірінші рет мойындады. Алайда, Қазақстан ашаршылықты геноцид деп танытуға, бұл трагедияны саяси мақсатта пайдаланып отырған жоқ. Ал Украинаның ресми тарихнамасы аштық коммунистік биліктің ұйымдастырған қылмыстық ісі. Саналы түрде этникалық принцип бойынша украин ұлтын жою үшін жасалды деген пікірінен қайтпайды», - деп жазды ресейлік Взгляд басылымы.

Бұнымен қоса, ресми Киев 30-жылдардағы ашаршылықты Ресей тарапынан жасалған гибридті соғыстың нышаны деген болатын. Бұл сөзді Украина президенті Петр ПОРОШЕНКО айтқан еді. Қыркүйек айында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мінберінен ұйымға мүше елдерді аштықты геноцид деп тануға шақырды.

1932-1933 жылдары Украинаның ғана емес,  КСРО-ның негізгі астығы мол өңірлері: Солтүстік Кавказ, төмен және орта Поволжье, Воронеж аймағы, Қазақстан, Батыс Сібір, Оралдың оңтүстігін де аштық жайлады.

Айта кетейік, тарихшылар украиналық демографтардың айтқанын бұған дейін жариялаған. Жалпы өлгендердің саны 7-8 миллион, оның 3-3,5 миллионы украиндар, 2 миллион адамнан Қазақстан мен Қырғыз Республикасында, 2-2,5 миллион адам РСФСР-да дүние салған.    

Фото: yvision.kz

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."