Қаз   Рус

Қазақстан Бас муфтиі жоспарларымен бөлісті

67 қаралды
0
Ратель
Четверг, 14 Дек 2017, 09:00

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Серікбай қажы Оразды қабылдады

Кездесу барысында Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Серікбай қажы ОРАЗДЫ Қазақстанның Бас мүфтиі лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз
Қазақстанның Бас мүфтиі неге ауысты

- Мен Тәуелсіздік күні қарсаңында Сізді осындай жоғары лауазымға сайлануыңызбен құттықтау үшін шақырдым. Тәуелсіздіктің арқасында дәстүрімізді қайта жаңғыртып, ата-бабамыздың дінін ұстану мүмкіндігіне ие болдық. Мемлекет тарапынан кез келген азаматтың діни бостандығын қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалды, - деді Қазақстан президенті.

Елбасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі арқылы діни қатынастар саласын реттеуде мемлекет ерекше рөл атқаратынын айтты.

- Қазақстан - зайырлы мемлекет. Министрлік дінге қандай да бір шектеу қою үшін құрылған жоқ. Министрлік дін саласында тәртіп орнатып, дін жолындағы адамдар бір-бірінің құқығын бұзбауын қамтамасыз ету үшін құрылған, - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев әзірленіп жатқан діни қызмет туралы заңның негізгі ережелерін кең ауқымда түсіндіріп, халыққа жеткізу жөнінде бірлесе жұмыс жүргізудің қажеттігіне назар аударды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен биылғы сәуірдегі кездесуіне тоқталып, онда сананы жаңғыртып, еліміздің тарихи және рухани байлығын сақтау қажеттігі талқыланғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз
Әлия Назарбаеваның жаңа қызметі және Алматының "бас" дәрігері

- Патриотризм, отанды сүю, еліміздегі және өңірдегі тұрақтылық - біздің болашағымыздың кепілі. Сол үшін біз бірлесе жұмыс істеуіміз керек, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары үшін ханафи мазхабының дәстүрлі сипатына назар аударып, бұл ағымның мәнін ұғындыру қажеттігін айтты.

- Дін жолындағы адамдардың арасында жастар да бар. Мешіттерге сән үшін баратындар да бар, шалбарының балақтарын қысқартып, сақал қойған діндарлар да бар. Солардың бәріне ислам дінінің негізін түсіндіру керек, - деді Қазақстан президенті.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы радикалды діни ағымдарды ұстанушылармен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне назар аударды.

- Дәстүрлі ханафи мазхабының қағидаларын және оның теріс пиғылды діни ағымдардан айырмашылығын түсіндіру үшін Құран мен хадистерді білетін білікті имамдарды тарту қажет, - деді мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз
Дариға - Сыртқы істер министрлігіне, Динара - ЮНИСЕФ-ке

Сонымен қатар Елбасы мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін ғана емес, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін де меценаттықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның Бас мүфтиі жылы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдында тарихи тұрғыдан қалыптасқан дәстүрлі діни мектепті қайта жаңғыртуға байланысты үлкен міндеттер тұр, - деді Серікбай қажы Ораз. -

Сіз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңызда жаңа үрдістер мен әлемдегі өзгерістерге бет бұру қажеттігі туралы айттыңыз. Бүгінде біздің имамдар жаңа әдебиеттерді зерттеп, уағыз айту мен мінажат ету барысында осы білімдерін қолдануда, - деді Бас мүфти. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Серікбай қажы Ораз еліміздегі діни білім беру мәселесін талқылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Фото: inform.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!