Қаз   Рус

Березняковка халқы қар ерітіп ішіп отыр

167 қаралды
0
Ерболат АСЫЛБЕКОВ
Вторник, 16 Янв 2018, 15:30

Көкшетау қаласынан 18-шақырым жердегі ауылдың ауыз су проблемасы 25 жылдан бері шешілмей келе жатыр

Ақмола облысында Көкшетау қаласынан 18-шақырым жерде орналасқан Зеренді ауданының Березняковка ауылында ауыз су мәселесі 25 жылдан бері шешілмей келе жатыр. Көрші елді мекеннен аптасына екі рет келетін су тасушыдан халық ауыз суды сатып алады. Бір флягы 30 теңге тұрады.

- Қарт адамдар үшін ауыз су мәселесі тіптен қиын. Ауыл халқының көбі судың жоқтығынан мал ұстай алмайды. Ескі құбыр жүйесі бар. Алайда, ол істемейді. Әкімшілікке керегі жоқ па, әлде қаражат бөлмей ме түсініп болмайсың. Амалсыз қар ерітіп те ішеміз, - дейді ауыл тұрғыны Айдар МАХАМБЕТОВ.

Қазір Березняковка ауылында 250-ден астам үй түтін түтетіп отыр. Тұрғындардың айтуынша, ауылдық, аудандық әкімдік бұл проблемадан хабардар. Садовый селолық округінің әкімі Серік ӘЛЖІБАЕВ 2012 жылы су тартуға жобалық-сметалық құжат әзірленген дейді. Алайда, оған қажетті 579 млн теңге республикалық бюджеттен дер кезінде бөлінбей қалғандығын айтады.  


 

- Биылға тағы су құбырларының жобалық-сметалық  документациясына 5 млн 77 мың бөлінген еді. Конкурс ойнатылды. Бірақ, ешкім ондай бағаға жасауға ынта танытқан  жоқ. 2018 жылы тағы да қосыма қаражат қарастырылады, - деді әкім Серік ӘЛЖІБАЕВ.

Березняковка ауылындағы күрделі жалғыз мәселе бұл емес. Ауыл жұртының  жаңбырлы көктемде құлап қалатын көпір мен жолдың сапасына да көңілдері толмайды. 2017 жылы «Аймақтарды дамыту-2020» бағдарламасы бойынша Ақмола облысында 11 жоба іске асқан. Мамандардың айтуынша, Березняковка ауылына 2019 жылы су беріледі. Оған бюджеттен 500 миллион теңге кетеді екен.

Суреттер автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."