Қаз   Рус

Біреуді сынағанша, өз отбасыңызға жауапты болыңыз!

466 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Пятница, 15 Дек 2017, 18:00

«Жұлдызды» инстаграм жаңалықтары

@ aikynТыңдармандар арасында «Кешью» тобының әншісі  Жұлдыз ӨМІРҒАЛИДЫ тоқалдыққа алды деп сөзге қалған Айқын ТӨЛЕПБЕРГЕН шенеуніктерді сынға алды. Расында жуырда  әлеуметтік желіде кеншілер туралы пікір айтқан біраз шенеуніктер жұрттың шамына тиген еді.  «Мұртты депутатты тыңдаңыз» деген атаумен тараған бейне жазбада  ел тани бермейтін депутат -  Мұрат Теміржанов түсініксіз пікір айтып, көрермен арасында күлкіге қалған. Әнші жігіт осыны тілге тиек еткісі келді ме, парақшасына  сөйлеп отырған сәтіндегі фото суретін қойып, астына мынадай жазба қалдырыпты.

 «Бірақ дегенмен оның да салдарынан, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, басқа интеграциялық мәселелер туындауы мүмкін» - деп, шенеуніктер сияқты «ни  о чем» сөйлеп тұрған сияқтымын. Былайғы уақытта шенеуніктер сағаттап сөйлеп жатады, бірақ ештеңе айтпауы мүмкін» деген. Оқырмандары арасында Айқынның бұл қылығына мін  тағушылар да табыла кеткен. Мысалы, asel.zholdasova есімді оқырман: «Шенеуніктерді жауапсыз деп сынға алғанша, бірінші отбасыңызға жауапты қарасаңызшы. Өмірдің дәл жол ортасына келгенде әйеліңізді сатып кеттіңіз...» - деп Айқынның өзін  айыптаған.

@m_besbaev Қарағанды шахтерлерінің бас көтеріп, жер астынан шықпау қоюы өнер адамдарын да алаңдатпай қоймады. Бұған сахна саңлақтарының әлеуметтік желілерде кеншілермен бірге екендігі жөніндегі жазбалары дәлел. Мәселен, қашанда ел ішіндегі мәселелерді елеңсіз қалдырмайтын Мейрамбек БЕСПАЕВ: «Тезірек шешілсе екен деп тілеймін. Жердің астында да, үстінде де тыныштық болмай барады» - деп жанайқайын бірінші болып жеткізді. 

nurzhan_kermenbayev Сондай-ақ, жас әнші Нұржан КЕРМЕНБАЕВ та бұл мәселеге өз үнін қосты.  «Менің марқұм әкем де кенші болған еді. Жұмыстарының оңай еместігін мен де, анам да, жақын ағайын-туысқандарым да жақсы біледі. Кеншілердің айлығы мәз еместігін біз білеміз. Сондықтан мен де екі қолымды көтеріп, шахтерларды қолдаймын! Таза еңбегі мен, қара термен табатын жалақыларын көтеруін сұраймыз, құрметті Лакшми Миттал мырза!»- деп, жазды ол жеке парақшасында.

@ saken_maigaziyev МұзАРТ тобының әншісі Сәкен Майғазиев та қарап қалмады. «Сізге де, бізге де жылу силап жүрген арыстай азаматтарға Алла пана болғай. Біз сіздермен біргеміз! «Жау жағадан алғанда, бөрі етектеннің» кебін киіп, отқа май құйғың да келмейді... Ебін тауып, екі асап түйені түгімен жұтып жүргендер де Алла алдында есеп береді. Алла бәрін білуші» деп  жазды әнші өз парақшасында.

Оқи отырыңыз
Қайрат Нұртас «Жұлдызды жекпе-жекте» жеңіске қалай жетті

@smittykz Ал, «SMITTY» тобының солисі, рэп-әнші Алмас ҚҰМАРБЕК  өз ойын әдетінше өлең жолдарымен жеткізген. Бір кездері  «Мен қазақпын!» деп ұрандап ән салып, биліктегі ағалардың қылығын әшкерелеген жігіттердің бірі жоғары жақты тағы да нұқыды.

«Миттал сотқа беріпті, жаппай түгел кеншіні,

Қара индусқа бермейміз өзіміздің еншіні.

Жығылмасын жігіттер, үзілмесін үміттер...

Қашан мойын бұрады, биліктегі көкелер?!» - деген өлең арнапты рэп жанрының әншісі.

@anuar_nurpeisov Жас актер Әнуар НҰРПЕЙІСОВ сылдыр сөзден көрі,  көпшілікті мәселені шешуге  шақырды.  «...Кез келген митингтер мен толқулар және аштық жариялау қоғамда  белгілі бір  мәселеге мойын бұрғызу мақсатында ұйымдастырылады.  Халық барлығын бақылап отырса монополист компания мен үкімет мәселені байқап шешуге тырысады. Бұл жерде жариялылық -  әсер етудің мықты құралы болып табылады. Өздеріңіздің парақшаларыңыздағы жазбаға @arselormittal_temirtau компаниясының аккаунтын  белгілеп, мыңдаған адамның  жер астында ауыр жұмысқа жегілген аға- бауырларымызды қолдайтынын көрсетейік. Мен шахтерлердің талабын бейбіт жолмен шешілгенін қалаймын.  Компания мен үкімет бұл сауалды өзара келісімге келе отырып, оңтайлы шешім шығаратынынан үміттенемін» - деді ол.

@ mussilim Әріптестері әлеуметтік желі арқылы кеншілерге араша түсіп жатқанда, қыздардың жүрегін жаулаған актер Тәуекел МҮСІЛІМ ақпарат құралдарынан керісінше,  көңілі қалғанын көрсетті. «Біздің ақпарат порталдарын сирек парақтауға тура келеді.  Онда күлкі де, жылау да бар. Адамдар мәңгі жасамайтынын ұмытса керек.  Бәрінің де соңы мен сұрауы бар» - деп қатуланған. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.