Қаз   Рус

Газға ақша жинаған қазалықтар алданып қалды

189 қаралды
0
Жанғали ЫСҚАҚ
Четверг, 07 Дек 2017, 12:30

Әйтеке би кентіне көгілдір отын 2015 жылы қосыла бастаған, салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың өзі қатысқан еді

Қызылорда облысында Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғындары "ГазСтройТранс" ЖШС-не алданыпты. Аталған компания 68 отбасымен «көгілдір отын» қосып береміз деп жаз айларында келісім шартқа отырған екен. Алайда, бес айдың ішінде бар жоғы он үйге ғана құбыр тартылғанымен оның өзі толық аяқталмапты. Қазалықтар монтаждау жұмысына алғаш төлем ретінде 10 мың теңге берсе, кейбіреулері тіптен 100 мыңға дейін берген.

"Газ келсе үйіңізге жаз келеді" деп ұрандатқан компания сөзіне сеніп қалғандардың бірі  зейнеткер Әсем БӨЛЕКБАЕВА "ГазСтройТранс" ЖШС-нің кеңсесіне баруды күнделікті әдетіне айналдырған.

«Күнделікті тірлігім осы. «ГазСтройТранстың» кеңсесіне келемін. Қашан келсеңде есік жабық тұрады. Жұмысшылары атауымен жоқ. Көмір аламын деген  ақшамды газға бердім. Бірде-бір жұмыс жасалмады. Әкелген бір трубасы жоқ. Қыс түскенде газсыз да, көмірсіз де қалдым»,- дейді Әйтеке би кентінің тұрғыны Әсем Бөлекбаева.

Шарасы таусылған қазалықтар құзырлы органдарға шағым түсірген. Өз міндетін атқармаған компанияға қатысты аудандық сот үкімін  шығарыпты.

«ГазСтройТранс" ЖШС тарапынан жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін дер кезінде орындалмай, соның нәтижесінде тұрғындар тарапынан наразылық туындады. Шарт бойынша жасалған міндеттеме бойынша не пеш құрылмаған, өздерінің төлеген түбіртектері бойынша аұшаларын кері қайтару жөнінде талап арыз түсті. Осы 9 талап арыздың қазіргі таңда шешім қабылданды. Яғни тұрғындардың өздерінің ақшаларын кері қайтару жөнінде»,- деді Қазалы аудандық сотының судьясы Қуаныш МЫХАНОВ. 

Кент тұрғындары жергілікті әкімдікке де күнде сабылады екен. Олардың жауабы қысқа. Тұрғындар мен жеке компания арасындағы мәселеге араласа алмаймыз дейді екен әкімшіліктегілер.

«68 адамды тақырға отырғызды. Біз не істейміз енді? Біреуінен 50 мың берсе, біреуі 100 мың берді газ құрғызамыз деп. Енді ол адамның өзі де жоқ.Әкімшілікке қаншама рет бардық, ешқандай тұшымды жауап алмадық»,-  дейді Әйтеке би кентінің тағы бір тұрғыны Роман  ҚЫПШАҚБАЕВ.

Әйтеке би кентінің халқын сарсаңға салған компания біз ғаламтордан  іздеп таптық. Қазалыдағы кеңсесі жабық болғанымен ғаламторда жарнамасы жүріп тұр. Бірақ көрсетілген нөмірлерге хабарласқанымызда: ешкім жауап бермейді. 

Қырық мың халқы бар Әйтеке би кентіне көгілдір отын 2015 жылдың 21 қазанында қосыла бастаған. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ғалым АЙДОСОВ  қатысқан болатын.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."