Қаз   Рус

Министрдің өзін аш ұстау керек!

650 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Вторник, 05 Дек 2017, 09:00

Белгілі композитор мәдениет министріне 30 мыңға өмір сүріп көруді ұсынды

Танымал композитор Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫНЫҢ мәлімдемесі мемлекеттік қызметкердің айтатын сөзі емес дейді.

«Әр адамның жеке өз пікірі болады және айтуға құқылы. Ал министрдің бұлай сөйлеуге моральдық хақысы жоқ. Министр БЕТХОВЕН, МОЦАРТ аш жүріп небір шедеврлерді дүниеге әкелді дейді. Онда  министрлерге кітапханашының айлығын берейік. 30 мың теңгемен бір ай өмір сүріп көрсін. Бәлкім, сол кезде олар қызметтерінде шығармашылық табысқа жетіп, жақсы жұмыс жасар», - дейді композитор.

Оқи отырыңыз
Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Өнер адамы аш болғанда шығармашылық табысқа жетеді»

Сондай-ақ, композитор Бетховен мен Моцарт мысалы ойға қонымсыз, бұл тоқ бала аш баламен ойнамайдының кері дейді.  

«Қазір шоу-бизнес өкілдері мен асабалардың ғана жағдайы жақсы. Бірақ олар нағыз өнерпаздарға жатпайды. Керісінше, шын таланттардың өмірге бейімі жоқ. Оларды мемлекет қолдауы керек. Министр өнер саласының жанашыры болуы тиіс.

Мәдениет саласында күнін көре алмай жүрген адамдар бар. Мемлекеттік бағдарламамен үй алып, ипотекасын төлеуге айлықтары жетпей жүргендер қаншама? Мен мемлекеттік қызметте істеп көрген адаммын. Өңірлерде кітапханашылар тапшы. Ешкім ондай аз айлыққа жұмыс жасағысы келмейді. Ал олар сайлаудың барлық жұмысында құлақ кесті құл сияқты жүреді. Бүкіл қазба байлықтың үстінде отырып аш болуға бола ма?», - деді Қалдыбек Құрманәлі Ратель тілшісіне.  

Естеріңізге сала кетейік, кеше министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мәжілістегі үкімет сағатында өнер адамы аш болғанда шығармашылық табысқа жетеді деген болатын.

Фото: youtube.com

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!