Қаз   Рус

Немересін бауыздағаны үшін сотталды

158 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Суббота, 23 Дек 2017, 11:00

Үш жасар немересін пышақтап тастаған қылмыскер 19 жылын темір тордың ар жағында өткізеді

Қарағанды облысы, Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентінде жантүршіктірер сот процессі аяқталды. Аудандық соттың судьясы Бекзат ШАЛҒЫМБАЕВ өз немересін пышақтап өлтірген азаматқа қатысты сот үкімін шығарды.

Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Ағадыр ауылының 1978 жылғы тұрғыны Виталий ТОГОВСКИЙ 2017 жылдың 6-қазанында 3-жасар немересін өлтірген. Қылмыскер арақ ішіп алып жазықсыз баланы пышақтапты. Сотта Тоговский өз қылмысын толық мойындады.

«Оқиға болар алдында үш күн бұрын тісім ауырды. Тістің ауруын басатын дәріні көршімнен алып іштім. Артынан оның барлығы арақпен араласып кетті. Бала менен ананы-мынаны сұрап мазамды алған соң шыдамай, бірнеше жерден пышақтап тастаппын. Алайда, дәл қалай болғынын білмеймін. Ұйқыдан тұрсам, немеремнің қансырап жатқанын көріп, қашып кеттім. Көрші тұрған анама барып, бар болған жайды айтып бердім»,- деді 39 жастағы Виталий Тоговский.

Полиция қызметкерлері қылмыскерді бірден ұстап, 6 қазаннан бастап тергеу абақтыға қамаған. Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 2 тармағы бойынша (қасақана кісі өлтіру) 19 жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ, судья түзету мекемесінде ішімдіктен емдеу міндеттелсін деген үкім де кесіп берді.

Жас баланың әкесі жоқ. Анасы яғни Виталий Тоговскийдың қызы Надежда РЕЗЕНТЮК 16 жасында оң жақта отырып босанған. Перзентінен айрылып қара жамылып отырса да, әкесіне кесілген үкіммен келіспеді.

«Мен мынандай үкім шығады деп ойлаған жоқпын. Оның артында 4 кәмелетке толмаған баласы бар. Полицияға өз еркімен барып берілді ғой. Бұрын мүлдем сотталмаған.Соған қарағанда, мен сегіз жыл берер деп үміттенген едім. Бірақ бұл өте қатал үкім болды.19 жыл деген өмірінің жартысы ғой»,- деді қызы Надежда Резентюк.

Өз немересін өлтірген 39-жастағы жас ата мемлекетке 2 млн 131 мың 806 теңге төлеуі де міндеттелді. Ал қызы апеляциялық шағым беруге бекініп отыр.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.