Қаз   Рус

Солтүстік қазақыланып жатыр

116 қаралды
0
Ратель
Среда, 10 Янв 2018, 14:30

СҚО облысында 2017 жылы 263 адам Қазақстанның төлқұжатын алған, олардың көбісі қазақтар

Солтүстік Қазақстан статистика департаментінің ақпаратына сәйкес өңірге жұмыс жасауға иммигранттардың көбі Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінен келеді.

Шамұратовтардың отбасы СҚО, Қызылжар ауданы, Бәйтерек ауылына Өзбекстанның Науаи облысынан келген. Рузибой ШАМҰРАТОВ әйелі Бақыт МҰХАМЕДЖАНОВА екеуі 5 баланы тәрбиелеп отыр. Отағасының айтуынша, тұрақты жұмыс жоқ. Сондықтан да маусымдық жұмыстар жасауға тура келеді екен. Жазды құрлыс, қыста жолаушыларды тасымалдау. Алайда, тірлікке шағымым жоқ. Ерінбеген адам жан бағады. Жергілікті тұрғындармен де жақсы қарым-қатынаста күн кешіп келеміз дейді, Рузибой Шамұратов.

– Аллаға шүкір. Жаман емеспіз. Өзбекстандағы жағдайымыз жақсы еді. Атажұртта тамыр жаю үшін оралдық. Жалпы, Қазақстанда да жақсы өмір сүріп жатырмыз. Бұл елде балаларымның болашағы жарқын болады деп үміттенемін, - дейді Рузибой Шамұратов.

Атамекенге  екі қызы және немересімен Ұлша АБДУНӘЗІРОВАДА келген. Олар мемлекеттік бағдарламасыз Қазақстанға қоныс аударған екен. Зейнеткер баспананың жоқтығы ғана қиындық тудырып отыр дейді.

 – Әрине, қиын. Пәтер болса ешқандай проблема болмас еді. Ал былай күн көрісіміз жаман емес. Зейнетақыны алып отырмыз. Өзбекстанда да жаман тұрғамыз жоқ. Әйтседе, атамекеннің орны бөлек. Өз елімізге келдік. Мен Қазақстанды мақтан етемін. Суын ішкен Өзбекстан жайлы да жаман сөз айтпаймын, - дейді Ұлша Абдунәзірова.

Миграциялық полицияның мәліметінше 2017 жылы облыста Қазақстан төлқұжатын 263 адам алған. 77 – Өзбекстаннан, 41 – Ресейден келген. Олардың 162-і қазақ ұлтының өкілдері.

– Көбіне облысымызға Ресейден көшіп келіп жатыр. Қытай мен Өзбекстаннан келушілер де бар. 506 шетелдік тұрақты түрде тұру үшін СҚО келді. 166 адам қазақ, - дейді ішкі миграция бөлімінің бастығы Самат БАЗЫЛОВ (cуретте).    

Қазақстанда тұрақты түрде тұру үшін келетіндердің саны өткен жылмен салыстырғанда артқан екен. Бұл ақпаратты статистика департаменті де растады. Қоныс аударушылардың саны болса азайған.

– 2017 жылдың 10 айының ішінде СҚО қоныстанушылардың саны  31,5 пайызға көбейді.  Өткен жылы өңірден кетушілердің саны 3,3 пайызға көбейген болатын. 4755 адам кетіп қалған еді. Бұл көрсеткіш 18 пайызға азайды, - деді СҚО статистика департаменті бастығының орынбасары Қуанышбек ҚАЛИЖАНОВ. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."