Қаз   Рус

Томирис туралы не білеміз?

2104 қаралды
0
Сырым ИТКУЛОВ
Среда, 21 Фев 2018, 17:00

Тарихи фильмде басты рөлді сомдайтын Альмира Тұрсын жайлы белгісіз деректер

Таныс болыңыз: Альмира ТҰРСЫН. 1990 жылы дүниеге келген, мамандығы психолог-жаттықтырушы.

Қазақстандық режиссер Ақан САТАЕВ түсіріп жатқан «Томирис» фильмінің басты кейіпкерін сомдайтын актрисаны жұртшылыққа таныстырды. Альмира желтоқсанда болған соңғы байқауда сыннан сүрінбей өтіп «Томирис» фильмінің бас продюсер Алия НАЗАРБАЕВАНЫҢ көңілінен шыққан.

Үлкен кино әлеміндегі алғаш қадам жасап отырған 27 жастағы қыз Алматы қаласының тұмасы. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша 2014 жылы тәмамдаған. Ал, 2013 жылы оқу орнындағы сұлулық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған. Кейін Альмира Мәскеу Мемлекеттік университетінде «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша магистратурада оқыған.

«НұрАманат» атты онлайн-теледидарлық жобасына 2016 жылдың желтоқсанында сұхбат берген Альмира өзінің коуч-психолог ретінде атқарып жүрген жұмысы жайлы айтып берген болатын.

«Мен – жаттықтырушы-маманымын. Өнерлі жастарды, қыздарға, әйелдерге өз болашағын жарқын жақтан ашуға көмектесемін. Өз мамандығыммен мақтанамын. Елге көмек көрсету мен үшін үлкен жетістік. Қазір, қатты жетілмеген мамандық болғанымен, өз болашағы бар кәсіп деп білемін.

Көп жағдайда тек жас әйелдер ғана қандай жұмысты бастарын, не істерін білмейді. Біз осындай жандарға көмектесіп, жақсы қырларын көрсетіп, жаңа жұмыс табуға көмектесеміз. Кейбір қыздар қолмен жасалатын бұйымдарға қызығып, сол кәсіпті жандарына серік етеді. Мен осындай қыз-келіншектерге көмектесіп жүргеніме қуанамын «, — деді ол.

Одан бөлек, Экспресс К порталының мәліметінше Альмира Қазақстандағы 30 әдемі әйелдердің қатарына кірген.

Айта кетейік, Альмира тұрмыс құрып, бүгінде бір баланың анасы. Қазіргі уақытта ол фильмнің авторлары мен басқа қатысушыларымен бірге түсірілімге дайындалып жатыр.

Фото: Facebook.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.