Қаз   Рус

Тәуекел Мүсілім эфирде неге жылады

541 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 18 Дек 2017, 17:00

Белгілі актер әкесімен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтып берді

 Ол Tengrinews.kz сайтының «The Эфир» бағдарламасында әкесімен қоштасқан сәтін есіне алып, көз жасын тоқтата алмады.

Оқи отырыңыз
Біреуді сынағанша, өз отбасыңызға жауапты болыңыз!

Тәуекел МҮСЛІМНІҢ әкесі обыр дертіне шалдыққан екен. Оны әрдайым сау күйінде көрген актер Шымкентте ауырып жатқан әкесін танымай қалыпты.

«Университеттің төртінші курс бітіретін кезім. Ол кезде дипломдық жұмысқа дайындалып жаттым. Диплом қорғауға бір апта қалғанда әкемнің інісі хабарласты. Ол кісі: «Әкелерің ауыр халде жатыр, келіп кетіңдер» деді. Әкемді әрдайым дені сау кезінде көріп үйренгенмін. Ол кісі обыр дертімен ауырған еді. Сол жолы Шымкентке барғанда, әкемді  мүлдем танымай қалдым. Бойы шөгіп, арықтап кетіпті. Көзім үйренбеген соң, мүлдем танымадым”,- деді актер әкесімен соңғы рет көріскен сәтін есіне алып.

Бағдарламада Ләйлә Сұлтанқызы актердан әкесіне не айтып үлгермегенін сұрады. Бұл сұрақтан кейін Тәуекел көз жасын тоқтата алмады.

«Әкесіз өскеннен кейін, айта алмаған сөздер бар. Үш ай жанында болған кезімде, әкеммен жақын араласуға тырыстым. Ананың мейірімін көрдік. Бірақ әкенің мейірімін көре алмаған қиын болады екен. Әрине, еш өкінбеймін.  Осындай мінезім анамның тәрбиесінің арқасы шығар.

Кейде мінез көрсете алмаймын. Кей адамдар өнерде жүргенде қолданып кетеді. Оның бәрін түсініп тұрамын. Бірақ «жоқ» деп айта алмаймын.

Осындай сәттерде қиындау. Ананың қолында өскеннен кейін жұмсақ болады екенсің. Ендігі өзіме пайдасы тимесе, келіспеуге тырысудамын. Осы қорқыныш – үйленбеуімнің бір себебі.

Әкесіз өскеннен кейін, оның бала үшін қаншалықты қасірет екенін білемін.  Арада баламыз болып, тіл табыса алмай қалып жатуымыз мүмкін. Сондай дәрежеге жеткізгім келмейді. Ажырасып кетуден қорқамын”,-деді актер.

Актердың айтуынша, әкесінің екінші некесінен бес бауыры бар екен. Алайда олармен ара-тұра ғана кездесіп тұрады.

Айта кетсек, Тәуекел Мүсілімнің  әкесі – қылмыс әлемінің серкесі Сабыр МҮСЛІМ.

Дереккөз: Stan.kz

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.