Қаз   Рус

Қуандық Бишімбаев президенттен кешірім сұрады

281 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Понедельник, 08 Янв 2018, 13:00

«Мені қарамағымда жұмыс жасаған Бақыт Жақсыбаев, Аслан Жақыповтар ұятқа қалдырды»

Бұрыңғы Ұлттық экономика министрі Қуандық БИШІМБАЕВ сотта президенттен және Қазақстан халқынан кешірім сұрады. Бұл туралы КазТАГ агенттігі хабарлады. 36 жастағы экс –министр 2017 жылдың 10-ы күні ұсталған болатын. Қуандық Уәлиханұлы  346 миллион теңге пара алды және 1 миллиард  теңгеден көп ақшаны мемлекет қазынасынан жымқырды деп айыпталған.

Оқи отырыңыз
Кадрлар бәрін шешеді

"Бұл қылмысқа қатысым жоқ екенін халқымызға, ең бастысы Қазақстан президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жеткізгім келеді. Болашқа бағдарламасымен білім алуыма, кәсіби жетістіктерімнің бәріне сол кісінің арқасында ғана жеттім.2009-2010 жылдары Президент әкімшілігінде экономика бөлімінің жетекшісі және экономика бойынша президенттің көмекшісі болып еңбек ету тәлейіме жазылыпты. Елбасының қалай жұмыс жасайтынын көзбен көрдім", — деді Бишімбаев Астана қаласы қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта.

Бишімбаевтың айтуынша, оны өзі жұмысқа алған қарамағындағылар осындай ұятты жағдайға қалдырған. 

«Президент алдында кінәлі екенімді түсінемін. Өзім жұмысқа шақырған Бақыт ЖАҚСЫБАЕВ, Аслан ЖАҚЫПОВ (Б.Жақсыбаев «Бәйтерек Девелопмент АҚ-ның бұрыңғы басшысы, А.  Соның орынбасары - Ратель) үмітімді ақтамады. Сол үшін жауаптымын. Бұл жағдай үшін ұяламын және жаным ауырады. Кадр таңдауда қателік жасап, президент сенімін ақтай алмадым.Сол үшін мемлекет басшысы мен бүкіл халқымыздан кешірім сұраймын. Осындай жайтқа тап болғаныма қарамастан, президентке әбден берілген жан болып қала беремін. Сондай-ақ мемлекет пен халық мүдесіне адал болып қаламын»,- деді Қуандық Бишімбаев.

Сотта сөз алған Бишімбаев өзін адвокатсыз процестен тыс кездесуге шақырып, барлық кінәні мойнына алуды ұсынғандар да болды дейді. Естеріңізге сала кетейік, күдікті 8 желтоқсан күні өткен сот отырысында да тергеу тарапынан өзіне қысым жасалғанын айтқан болатын. 

"Сот барысында айыпталушылар айтқан сөздерін, деректерін жүз қайтара өзгертті. Бұл қылмыстарға ешқандай қатысым жоқ. Тергеу барысында жиналған материалдар бойынша да ештеңе айта алмаймын. Сот талқылауы кезінде қаражаттың қалай берілгенін зерттедік, мен сол жайында мәлімет беретін боламын", — деді экс-министр.
Қуандық Бишімбаевтың соты өткен жылдың 7-қарашасында басталған болатын. Жалпы істі болған шенділердің президенттен кешірім сұрауы дәстүрге  айналып кеткелі қашан. Алайда кешірім сұрағандардың барлығы сот залынан босап жатқан жоқ. Мәселен Павлодарда 2014 жылы сотталған облыс әкімі Ерлан АРЫН түрмеге тоғытылмаса, 2015 жылы жемқорлық іс бойынша айыпталған бұрыңғы үкімет басшысы Серік АХМЕТОВ 10 жылға сотталып кеткен-ді. Кейін, 2017 жылы 21 қыркүйек күні бостандығын айыру жазасы шектеу жазасына алмастырылып Серік Ахметов босаған еді.0

Президентен кешірім сұраған Қуандық Бишімбаевқа қатысты қандай үкім шығатынын  уақыт көрсетеді. 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."