Қаз   Рус

Жамауға кеткен бюджет қаражаты желге ұшты

255 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Четверг, 25 Янв 2018, 09:00

Теміртау әкім орынбасары үйінің температурасы +23, ал қаладағы пәтерлердің орташа жылу температурасы +19 екен

Теміртауда осыдан төрт жыл бұрын мемлекет бюджет есебінен 235 мың 500 мың жұмсалып 105 пәтерлі 117-ші кварталдағы көпқабатты үйлер жаңартылған болатын. Яғни ескі жатақханалар қайта жөндеуден өтіп жетім балалар, тыл ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлерге берілген болатын.



Қазір баспана қабырғалары көгеріп, терезелерге мұз қатып, жертөледен бу көтеріліп табалдырықтарды үсік шалған.

«Үйді берген үкіметке ризамыз. Алайда, қақаған аязда үйдің берекесі кетті. Бір бөлмеде отырмыз қамалып, қыс басталысымен дәрі тасумен әлекпін. Жылуға төлеген ақшамыз далаға кетіп жатыр. Тиісті жылуды ала алмай отырмыз. Терезеде мұздың қалыңдығы екі елі», - дейді қала тұрғыны Берікбай СҰЛТАНШӘРІП.

2014 жылы бұл үйлерден кезекте тұрған 40 жетім бала пәтер кілтін алған. 27 пәтер мемлекеттік қызметкерлерге берілсе, әлеуметтік кезектегі 30 дан аса адам мен үйлері апатты жағдайда тұрған үш адам жаңа шаңыраққа кірген-ді.

Мен 81 жастағы тыл ардагермін, бізді елеп жатқан ешкім жоқ. Үйді берді, әрі қарай суықтың сазайын тартыңдар дегені ме? Мен киіммен ұйықтаймын. Ванна мен дәретхана жақ дала кәдімгідей. Қабырғаларымыз көгеріп, терезелеріміз мұздап тұр. Даланың баспалдағы бір күні құлап қалады. Әбден мұжылып бітті, - дейді Нина ЗАХАРОВА Rатеl.kz өңірдегі тілшісіне.

«Центр металлург строй» мердігер компаниясы жаңартқан үйдің сапасыздығы жайлы Теміртау қаласының әкімшілігі де құлақдар. Кепілдік мерзімі аяқталып кеткендіктен, қолдан келер шара жоқ деген әкімнің орынбасары сотқа да шағымданған. Бірақ, берілген арызды сот қарастырмаған.

Біз бұл мәселені білеміз. 2017 жылы біз сотқа шағымданғанбыз. Сот арызды алған жоқ. Ол үйлерде ылғал тұр және қабырғалары көгеріп кеткен. Бұл мердігердің жіберген кемшілігі. Кепілдік мерзімі аяқталғандықтан, жазда мемлекеттік экспертиза жасатып, нақты ақауларды тапқан соң сол мердігерлерді сотқа тартамыз, - дейді қала әкімінің орынбасары Владислав ЦАЙ.

Cұхбат берген шенеунік бұл проблемаларды жазда шешетінін жеткізді.

Әзірге, тұрығындардың қысты дірдектеп өткізулеріне тура келіп тұр. Онсыз да Теміртау қаласының жылу қазандығының бірі қысқы аязға шыдамай 22-ші қаңтар күні істен шыққан. Ол кезде қала әкімдігіне 27 тұрғыннан шағым түскен-ді. Владислав Цайдың мәліметінше қаладағы пәтерлердің орташа температурасы +19 градус. Ал жаңартылған 117 кварталдың тұрғындарының пәтерлеріндегі температура әр қилы. +11 мен +7 градусқа дейін «ыстық» екен.

Әкім орынбасары сіздің үйіңізде жылу қанша градусты көрсетіп тұр деген журналисттердің сұрағына +23 деп қысылмай жауап берді. Шенеунік өтірік айталмаса керек.

Фото автордікі. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."