Қаз   Рус

Жер мәселесі бірер сағат талқыланбайды

1051 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Понедельник, 19 Фев 2018, 16:30

Заң жобаға қатысты қоғамдық тыңдауда барлық адамға сөз тимеді

Қоғамдық белсенді Айдын ЕГЕУБАЕВ Жер комиссиясы шешімдері бойынша дайындалған жер заңы жайлы қоғамдық талқылауда тек таңдаулы ғана адамдар сөйлегенін айтады. Бұл пікірін ол  Ratel.kz тілшісіне білдірді. Өздері заңды талқылаймыз деп шақырып алып «провокатор», даукес деген жала жапты дейді Айдын Егеубаев.

- Мораторий төрт-ақ бапқа жарияланды. 24,48,97,101 бап. Қалған  алтыншы, он екінші баптың 43-пункітінде былай деп жазылады. Ұлттық жер пайдаланушылар: ҚР азаматы,ҚР тіркелген заңдық тұлғалар және шетелдік кәсіпорындар деп. Бүгін біз Ауыл шаруашылық министрлігіне барамыз. Бұл жерде заңгердің еш қажеті жоқ. 2017 жылы шыққан қолданыстағы жер кодексін алыңыз. Соған үкіметтің ұсынысын енгізіңіз. Сонда тек төрт бапқа ғана мораторий жарияланғанын көресіз. Демек шетелдіктер жерді ала береді. Мен осы мәселелердің барлығын жиында айттым. 14 бапта  жергілікті атқарушы орган (яғни аудан әкімі) шетелдіктерге жерді беру кезінде орталықтағы уәкілетті органмен келіссін деген пункт бар. Біз бұны мүлдем алып тастаңдар деп айттық, - дейді Айдын Егеубаев.  

Астанада 16-ақпан күні жер кодексіне қатысты жиын өтті. Оған заңды әзірлеуші жақ Ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Ерлан НЫСАНБАЕВ, Жер комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан БИМЕНДИНА және парламент депутаттары Сапархан Омаров пен Берік ОСПАНОВ қатысқан.

Қоғамдық тыңдауды ұйымдастырған Мұхтар ТАЙЖАН өткен шараға көңілі толатынын айтады. Соңғы кезде билік пен демократиялық күштердің бір үстел басында жиналғаны осы болды дейді.

- Шараны ұйымдастырудағы мақсатым  құжатта жерді шетелдікке жалға беру, сату туралы бір ауыз сөздің жоқ екенін көпке жеткізгім келді. Жиынға қатысқан адамдарға заңды алдын ала жібергенбіз. Заңның оппоненттеріне де (Айдын Егеубаев, Антон Фабрый) сөз берілді. Нақты фактілерін көрсетуге мүмкіндік берілді.Бұл Тайжанның жеке заңы емес. Сондықтан заңның ашық талқылағанын қаладым.Оппоненттер фактімен сөйлеген жоқ. Тек эмоциямен сөйлеп шықты. Осы заң жобасын жасаушыларда өз баяндамаларын жасады.Жер комитеті мен парламент өкілдері де сөз алды. Тәуелсіз заңгерлер де ойларын ортаға салды. Абзал Құспан мен Базарбек БАҚЫТЖАН (заңгерлер) заңда жерді сату туралы нормалардың жоқ екенін айтты, - дейді Мұхтар Тайжан.      

Сондай-ақ, бас қосуға өңірлерден қоғам қайраткерлері мен азаматтық белсенділері келген еді. Олар: Дос КӨШІМ, Ермұрат БАПИ, Рысбек СӘРСЕНБАЙ, Абзал ҚҰСПАН, Жәнібек ҚОЖЫҚ, Лұқпан АХМЕДИЯРОВ, Ерлан ҚАЛИЕВ және т.б.

Жиында  «Ұлы жер қорғаны» халықтық қозғалыс құру идеясын көтерген Рысбек Сәрсенбай бұл бас қосудың кемшілігімен қатар артықшылығыда болды дейді. Қоғам қайраткері бастысы үкімет мүшелеріне қоғам де әлі де жерді сатуға наразы екенін айту үшін барыпты.

- 2016 жылы жерге қатысты жаппай жер митингілері болды. Өз басым Астанадағы жиынға халық әлі де жердің сатылуы мен шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беруге қарсы екенін жеткізу үшін бардым. Соны жеткізе алдық деп ойлаймын.Осы тұрғыда бұл бас қосудың пайдалы тұсы болды. «Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылауға үш тарап та болды. Бұрын да бұндай талқылаулар болған еді. Бірақ барлық тарап бас қоспайтын.

Сонымен қатар, заңды екінші оқылымда қабылдау кезде біздің пікіріміз еленеме деп сұрақ қойдым. Оған жауап ала алмадым. Біз жұмыс тобының мүшелері я болмаса заңды даярлаушы орган емеспіз. Қоғам өкілдері ретінде шақырды.Сондықтан да маған осы сауал аса маңызды еді. Айтпақшы, Серік ӘЛІБАЕВ, Қуанышбек МҰҚТАЙ сынды айтары бар адамдарға сөз берілмеді. Уақытты ұзартуға болар еді. Вице-министр Ерлан Нысанбаевқа сұрақ қоюға мүмкіндік болмады. Заңды әзірлеген адамдарға сауал қойсақ, даярланған құжат түсініктірек болар еді. Соңында министрліктен келген өкілдің өзі де бұл олқылықты мойындады, - дейді қоғам қайраткері.

Оқи отырыңыз
Жерді полигонға жалға беру тәуелсіздігімізге қауіпті

2016 жылы Атырауда басталған жер митингілері Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Семей сынды бір қатар қалаларда жалғасқан. Қызығы, қоғамдық белсенділердің өзі талқыланып  жатқан заң жобасына қатысты екі көзқараста. Тәуелсіз заңгер Айгүл ОРЫНБЕК Астанадағы жиынға Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген заң жобасын оқып барғанын айтады. Ел күдігін сейілтетін құжаттың насихатталмай жатқанына таң.

- Заңгер ретінде айтайын қабылдануға ұсынылып жатқан бұл заң шетелдіктерге жалға және сатуға тыйым салады. Бұл туралы 23 бапта жазылған. Тіпті қазақстан азаматының әйелі немесе күйеуі шетелдік болса да жер берілмейді. Бұл заң жобасы өте тиімді. Бірақ ешкім оның қолға алып жатқан жоқ. Немсе дұрыс түсіндіре алмай жатқан сияқты. Бұл құжатпен толықтай танысып шықтым. Қабылдануы керек деген пікірдемін, - дейді заңгер Айгүл Орынбек.

Фото: youtube.com, today.kz, Facebiik.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!