Қаз   Рус

Зорланғандар мен қорланғандар

1332 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Понедельник, 29 Янв 2018, 16:45

Қазақстанда әйелдердің 70 пайызға жуығы жыныстық бопсалауға тап болған

Қазақстанда жұмыс орындарында жыныстық бопсалау фактілері кездеседі. Осындай жағдайда әрбір үшінші әйел қайда барып шағымданатынын білмейді.Бұл туралы Алматыда Сорос-Қазақстан қорының ұйымдастыруымен өткен «Жыныстық бопсалау-қылмыс» атты дөңгелек үстелде айтылды. БҰҰ әйелдер жанындағы кеңестік ұйым мүшесі Валентина САХНЕНКОНЫҢ 2017 жылы жасаған зерттеуіне сүйенсек қыз-келіншектерді қызметтік орындарында төсекке сүйреу көрсеткіші артқан.

- Мендегі ақпарат бойынша респондеттердің 62,5 пайызы зорлана жаздаған. Бұл үлкен көрсеткіш. Әрбір үшінші әйел бұндай жағдайда қайда барып шағымданарын білмейді. Бұл қазір Қазақстандағы өзекті проблемалардың бірі, - дейді Валентина Сахненко.

Өскемендік студент Елена ИВАНОВА былтыр жұмыс уақытында зорланғанын айтады.

- Жазғы демалыс кезінде колледждегі оқу ақысын төлеу үшін жұмысқа шықтым. «Өскемен құрлыс» компаниясына кірдім. Бастапқыда бастығым қоңырау шалып, кездесуге шақып, әзілдегендей болып жымысқы ниетін білдіре бастады. Бірде әжетханаға сүйреп кіргізді. Әрең дегенде қашып құтылдым.Содан кейін көзіне түспеуге тырысып бақтым. Бірде ұжымның көзінше жұмыс бар деп бұйыра сөйлеп өзіне шақырды. Бардым. Ол мені зорлап тастады... Кешірімде сұрамады. Өзін кінәлі сезінбеді. Сотқа шағым түсірдім. Алайда, менің ісімді жауып тастады,- дейді 19 жастағы қыз.

ҚР-ның қылмыстық кодексінде «алымсақтық» немесе «сексуалдық бопсалау» сияқты түсініктер жоқ. Бұл бағыттағы қылмыстық жауапкершілік «зорлау», «зорлауға әрекеттену» немесе «бұзақылық» сияқты баптармен қарастырылады. Қызмет бабын не лауазымын пайдаланып өзге азаматтарға сексуалдық алымсақтық жасау әрекеттері көп жағдайда заңның шикілігіне байланысты жазасыз қалады. Содан да болар ресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек соңғы бірнеше жылда Елена Иванова сынды қыздардың фактісі тіркелмеген. Заңгерлер «жыныстық бопсалаудың» зардабын қазақ әйелдері тартып жатқанын айтады. «Қазақы менталитентке сай олар болған жайды айтуға ұялады. Алыс ауылдарда қыздар тіптен жақ ашпайды дейді», - адвокат  Айман ОМАРОВА.

Адвокат Айман Омарованың сөзінің жаны бар. Бұл тақырып қазақ аудиториясы үшін жабық. Алайда, 2016 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының бұрыңғы студенті Еңлік СЫДЫҚОВА ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ аталған оқу орнының басшысы болғанда өзіне сексуалды бопса жасағанын жариялаған еді. Бұндай жағдай тәуелсіз Қазақстан тарихында болмаған.Артынша министр ол айыпты дәлелсіз деп, теріске шығарған-ды.

БҰҰ 2014 жылы ресми Астанаға жыныстық бопсалауға қатысты құқықтық және әкімшілік шара қабылдау туралы ұсныс білдірген. Әрине, әйелдердің құқығын қорғау мақсатында.

Көптеген дамыған елдерде әйелдердің ары заңмен қорғалған. Германияда әйелдің ар-намысын қорлаған адам 1 жылдан 10 жылға дейін сотталады.Егер әйел жыныстық бопсалаудан көз жұмса еркек өмірбақи түрмеге тоғытылуы мүмкін. АҚШ-да 1986 жылдан бері «сексуалды бопсалау» зорлаудың түріне жатады. Евроодаққа мүше елдерде 2005 жылдан бері әйелді төсекке сүйрейтіндерге үлкен көлемдегі айыппұл қарастырылған. Израильде болса бұндай әрекет үшін 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.

Қазақстанда әйел затының ар-намысын қорлау, жыныстық бопсалау қылмыс түріне жатпайды. Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, Қазақстан әйелдерінің 70 пайызға жуығы жыныстық бопсалауға тап болған.

Мақала Адам құқығын қорғау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро көмегімен әзірленді.

Фото: azattyq.org.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера