Қаз   Рус

Айтыс табыс көзі бола алады

316 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Понедельник, 20 Ноя 2017, 10:00

Әсем Ережеқызы: Айтыстың арқасында көп ақынның жан бағып жүргенін жоққа шығара алмаймыз

Әсем ЕРЕЖЕҚЫЗЫ айтыс сүйер қауымға белігі ақын. ШҚО, Шұбартау ауданы, Байқошқар ауылында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің филология факультетінің түлегі. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының магистратурасын аяқтап, ЖОО-да дәріс оқып және ғылыми жұмыстармен айналысқан. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің докторантурасын бітірген. Көптеген халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері.

Оқи отырыңыз
«Қоянды жәрмеңкесінің» қазіргі жағдайы

- Әсем, қазір айтыс жиі өтеді. Облыс орталықтарын айтпағанда, қиыр аудандарда да болып жатады. Бұл айтыстың жалпыхалықтық өнер ретінде дамуының көрсеткіші ме? Әлде, қадірін кетіріп жатырмыз ба?

- Айтыс – ауыз әдебиетінің бір арнасы болғандықтан, әрқашан да халыққа жақын өнер. Қазір расында қала, облыс орталықтарын айтпағанда, аудан-аудандарда республикалық айтыстар өтіп жатыр. Бұл жаңа ғаламдану заманында қазақтың өз төл өнеріне деген сұраныстың артуы. Айтысты сүйіп тыңдайтын тыңдармандар, айтыстың шын жанашырлары да ауылда. Айтыс элементтері қазақ өмірінен ешқашан арылмақ емес. Бүгін де телеарналарда шоу-бизнес өкілдері ғана үстемдік құрып тұр, бірақ бұл халыққа рухани қорек бола алмайды. Айтыстың жиі өтуі жас таланттардың көптеп қанаттануына жол ашып жатыр. Бұған тек қуану керек.

- Бұрын айтыстан кейін айтыс болатын. Ф. ОҢҒАРСЫНОВА, Қадыр МЫРЗА-ӘЛИ сынды классиктер айтысқа қорытынды жасайтын. Ертеңінде сол айтыста айтылған тың теңеу, жақсы тіркестер тізілген сараптамалық мақала жарияланатын. Қысқасы, айтыскерлер шығармашылығы талданатын. Ал қазір алған жүлде ғана сөз болады. Неге?

Оқи отырыңыз
Жұлдызды отбасылар айына қанша жұмсайды

- Біріншіден, Алаштың бағына туған аға буын тума талант ақындарымыз өмірден озып кетті ғой. Олар сол ата-бабаларымыздың көшпелі дәуірінде туып, қалыптасқан төл өнерімізге бізден гөрі жақын және сол кәусар бұлақтан қанып ішкен. Біз олардан гөрі асығыс жүретін, қым-қуыт уақытқа тап болып тұрмыз. Өйткені қазір сананы ақша билеп тұр. Біздің санамызды ғана емес, бұл ақша бүкіл дүниені билеп тұр қазір.

Ақындарда кінә жоқ, олар әр айтыстан соң да, одан кейін де айтыстың сапасын сөз қылудан, өзара талдаудан жалыққан емес. Айтыстың Фариза, Қадыр ағаларымыздың кезіндегідей талданбауына айтыскерлер емес, әдебиетшілер кінәлі.

- Сіздің ойынызша, айтыскерлер қаншалықты тату? Қазір нұротаншыл боп, діни ұстаным жағынан да бөлінетін сияқты.

- Айтысқа түрлі күштердің араласқаны, ақындардың арасында алауыздық тудырғаны рас. Мұны жасырып қайтеміз, бәрі де Аллаға аян.

Оқи отырыңыз
Қайрат Нұртастың әйелі пиар үшін сынға ұшырады

Ал, қазақ әлі дінді толық сіңірген жоқ, жалпы қай заманда болсын дінге басы бүтін берілген жоқпыз. Мұның қажеті де жоқ. Қазір өзі бөлінушілік қай салада болмасын бар. Осы ғасыр өркениеттердің қақтығысына толы ғасыр болып тұр ғой. Қазақ бәрібір өзінің негізгі қалыбын сақтап қалады деп сенемін.

- Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан кейін түрлі шаралар басталып кетті. Онсыз да өтіп жатқан айтыстар осы тақырып аясында, мектептер ақын-жазушылармен кездесу өткізіп жатыр. Мемлекеттік музыкалық ұжымдар концерт өткізуге көшіп кетті. Осы болып жатқан дүниелер бұрын да болды емес пе? Сіздіңше рухани жаңғыру деген не?

- Рухани жаңғыру қазаққа қажет. Әркім әртүрлі нәрсе айтып жатыр бұл жөнінде. Ақын-жазушылардың мектеп оқушыларымен көптеп кездесуі, айтыстың жиі-жиі өтуі дұрыс та шығар. Рухани жаңғыру деген адамның немесе бір халықтың өзін-өзі сақтап қалу инстинкті. Біз тілімізді, дәстүріміз бен өнерімізді дәріптеп, жас ұрпақтың санасына жақсылап сіңіру арқылы ғана ұлттық колоритімізді жоғалтпай ұстап қаламыз деп ойлаймын. Әйтпесе, ұлт үшін өмір жоқ.

- Әсем, сіз қазір ғылыммен айналысып жүрсіз. Семейдегі жоғарғы оқу орындарының бірінде сабақ бердіңіз. Неге қазір жастардың ғылымға қызығушылығы аз? Көбі әнші, әртіс, квн-ші немесе тележүргізуші болуға әуес.

Оқи отырыңыз
«Боратшылдарға» рақмет айту керек

- Бұған кінәлі тұқымы құрып, аты өшкір телеарналар. Біздің балалық шағымызда телеарналар кімді насихаттайтын? Жазушыны, ғалымды, ақынды, еңбекте озат қарапайым сауыншы, тракторшы немесе диханды! Ал, қазіргі телеарналар күні-түні фонограммамен ыңырсып ән айтатын әнші, ыржалақтаған актер, күлегеш тағы басқа рухани жұтаң, киген киімі мен жеген тамағына мақтанатын түкке тұрғысыз біреулерді жарнамалайды. Жастардың күні бойы көретіні сол болғасын, соларға қарап бой түзейді ғой. Ол үшін оларды кінәлай алмайсың.

- Филолог ретінде жаңа әліпби туралы пікіріңіз қандай?

- Мына күйінде жарамайды. Құрттап-биттеп тұр. Қылшығын аламын деп былшығын шығарып, аз қазақты қазақтың тілінен бездіріп жібере ме деп қорқамын.

- Ақын-жазушылар шығармашылықпен айналысып күн көру мүмкін емес екені үнемі айтады. Ал айтыспен жан бағуға бола ма?

- Қазір шынында да жазушыларға жан бағу оңай болып тұрған жоқ. Біздің биліктің орасан зор қателігі бұл. Ал, айтыстың арқасында көп ақынның жан бағып жүргенін жоққа шығара алмаймыз. Бір сұхбатында Жүрсін ағамыз айтысқа жүздеген көліктің тігілгенін айтты. Жүлдесіз қалған ақындар жоқ. Өзгенің табысын санаған ыңғайсыз ғой. Оңдаған көлік алған айтыскерлердің қатары аз емес. Айтыс арқылы танымал болған жігіттеріміздің көбі асаба болып несібелерін тауып жүр.

Оқи отырыңыз
«Дачалық» ұлт

Айтыскерлер жұмыс іздесе көптеген кеңселердің есігі тез ашылады. Бір кездері қызылордалық ақын ағамыз Әбілқайыр СЫЗДЫҚОВВТЫҢ аудандық мәслихатқа депутат болғаны да бар. Н. МҰСАЕВ, М. НИЯЗОВ, А. ШҰҒАТАЕВ, Саадат НҰРМАНОВТАР осы айтыстың арқасында өз облыстарында баспаналы болды. Мен білмейтін тағы да қаншауы бар. Бірақ өнердің басқа жанрларына қарағанда айтыстың арқалайтын жүгі, салмағы өте ауыр. Айтыстың қаншалықты азапты, бейнетті өнер екенін басқалар түсінбейді. Айтыстың бәсінің басқадан қымбат тұратыны бәлкім осыдан.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.