Қаз   Рус

Айтыс Жүрсіннің жемсауы

1599 қаралды
0
Ақсұнқар АҚЫНБАБА
Вторник, 12 Дек 2017, 12:30

Ол айтысты ғана емес, талай бәйгені алатын ақындарды да меншіктеп алған

"Жүрсін-айтыс", "айтыс-Жүрсін!" Осы адамның жүрген жері неге ылғи айтыс-тартыс, дау-дамай екен? Өмірі де айтыс, кәсібі де айтыс, нәсібі де айтыс, оның жолап кеткен жерінің бәрі айтыс!!! Неге біз айтысты кеңес үкіметі кезінде тірілтіп, сахнаға шығарған нағыз қаһарманның аты-жөнін де білмейміз?

Оқи отырыңыз
Айтыс табыс көзі бола алады

Бірақ, өкініштісі, ел-жұрт қазақ айтысын осы кісі тірілтті деп ойлайды. Бұл кісі айтыстың кәдімгі пысықай пиарщигі және тойымсыз жемсауы! Халыққа айтыстың күнін жоқтап жүрген марқасқа болып, соның жолында шырылдап жүрген құрбандық болып көрінгісі келеді. Жоқтағаны айтыстың мүддесі болса, баяғыда ұлттық арнадан берілген айтыс ақындарының тікелей эфиріне неге танымал ақындардың қатысуына тежеу салды? Өйткені, ол жобаны ЕРМАНОВТАН басқалар жасап қойды.Өйткені, ол өзінен басқаның айтыспен айналысқанына төзе алмайды!

Сондықтан да, сол жобаға қатысқандарды үлкен айтысқа шығармаймын деп қорқытып-үркітті! Енді, міне бұл жолы да сол ойбайына басып отыр. Тағы да сол қиқар-айқай: "айтысты неге мен өткізбеймін, неге басқалар өткізеді?", "менен басқалар өткізіп көрсін, ешбір ақынды жолатпаймын!"- деген...кіжіну, қызғаныш! Оның мұнысы айтыс өнеріне жасалған қиянат емес пе? Ол айтысты ғана емес, дарынды жаратылған және сол дарындарымен талай бәйгені ала алатын ақындарға шейін меншіктеп алған. Өзі нағыз қиянаткер! Айтыста үнемі бір адамдарға жүлде беріп, көпе-көрнеу озып тұрған талай талантты тұқыртып, баласындай жастармен дауласып, қыр соңына түсіп, жанып келе жатқан болашағын кесіп, құртты! Екі сөзінің бірі "құрту" мен "жоюдан" тұратын ағамыздың анау бір жылдары "Қазақ радиосын" басқарған кезіндегі жасаған даңғаза, айқай-шулары ол бар... Айтыста атасының басы қалса да, енді, жол бермей ме жастарға, басқаларға??? Айтыс өнері мен айтыс ақындары оның мөрлеп алған меншігі ме еді???

P.S. Оқырмандарым, менің бұлай күйінетін жөнім бар...түсініңіздер!

Дереккөз: Ақсұңқар Ақынбабаның  Facebook парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: youtube.com

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."