Қаз   Рус

Қазақстандық медицина

134 қаралды
0
Тимур БЕКТҰР
Вторник, 23 Янв 2018, 16:15

Еркегі бар, әйелі бар, малқора секілді қатарынан жатқызып қойып процедура жасайды

Негізі, бұл бұрыннан белгілі және үнемі айтылып келе жатқан жағдай ғой. Бірақ кеше тағы да соған көзім айқын жетті.

Менің ойымша, мемлекеттік медицина жаңа леп, жаңа тыныс келмей, қазіргі деңгейінен жақын уақытта көтеріле алмайтын сияқты.

Тіпті анау денсаулық министрі Біртанов айтып жүрген "Міндетті медициналық сақтандыру" да бұл жүйені құртқанның үстіне құртпаса, жағдайды оңалта алмайды.

Себебіне алдыңғы күні көзім анық жетті.

Қысқасы, біздің өңірде атақтылау бір нейрохирург бар. Осыдан 2-3 жыл бұрын соның жеке клиникасына бардық. Ал ол, негізі, мемлекеттік емханада да жұмыс жасайды. Біз енді "Жеке клиника, ақшаға жұмыс жасайды. Сапалы қарайды" деген түсінікпен бардық қой. Өзіміз онсыз да білетін диагнозды қайталап айтты да 2000 теңгемізді қалтасына салып алып, сыртқы есікті көрсетті ғой. Әңгіме онда емес. Әңгіме, сол кезде барғанда екі бөлмелі пәтерде орналасқан болатын. Алдыңғы күні күніміз түсіп тағы барсақ, алдыңғы пәтерден асып, тағы бір екі не үш бөлмелі жанындағы пәтерді қосып алып, кеңейіп кетіпті. Еркегі бар, әйелі бар, малқора секілді қатарынан жатқызып қойып процедура жасап жатыр. Қарапайым ширма да жоқ.

Министр айтты ғой, міндетті әлеуметтік сақтандырудағы жинаған ақшаңды алып, жеке клиникаға барсаң да болады деп. Гәптің барлығы осы жерде жатыр. Өздеріңіз білесіздер, біздің дәрігерлер диагноз қойып, рецепт жазғанда өзінің аптекасына жібереді, жеке клиникасы барлар өз клиникасына жұмсайды. Яғни, мемлекеттік медицина жағдайы осындай жеке бас қамын ұлт саулығынан артық қоятындарға құрбан боп тұр. Ал ертең, врачтардың барлығы бір-бірден жеке клиника ашып алып, пациенттерін солай қарай қууды бастайтын шығар...

Дереккөз: Тимур БЕКТҰРДЫҢ  Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: zanoza-news.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.