Қаз   Рус

Қазақтың ділі

1600 қаралды
0
Серік ӘБІКЕН
Суббота, 09 Дек 2017, 14:00

Көрінгеннің иығына шапан жауып, айырқалпақты басына кигізе саламыз

Қазақтың шапан-камзолына жаным ашиды. Рас айтамын. Обал. Мемлекеттік шараларда екі-үш оркестрдің оқалы киім киген өнерпаздарын малша иіріп әкеліп, қазақылықтың нышанын көрсеткен боламыз. Көрінгеннің иығына шапан жауып, айырқалпақты басына кигізе саламыз.

Оқи отырыңыз
Қайрат Нұртас «Жұлдызды жекпе-жекте» жеңіске қалай жетті

Ресейдің «Үлкен Ринг» атты бағдарламасында Қарағанды жаттықтырушыларынан сабақ алған Запашный деген шапанымызды сөлбірейтіп киіп шықты. Бұрын өзі дәмін татқан елге, жұдырықтасуды үйреткен қазаққа көрсеткен құрметі болса керек. Бірақ сол Запашный шапанын шешіп, секунданттарына қарай атып жібергенде киіммен бірге қазақтың қадір-қасиеті де қалбалақтап бара жатты.

Домбыра да солай. Шанақтан төгілген күйді таза тыңдауды қойдық. Қырғыздар аспабымызды жақтырмай, «қазақтың маңқа домбырасы» – дейді екен. Сол қисық сөзді мойындағандай домбыра үніне даңғырлаған шетелдік аспаптар қосып, құрышымызды «қандыратын» болдық. Жаңашылдық үшін бір-екі домбырашы сөйтсе жарар еді. Жаппай, «сенен кем соқсамға» басып, жанығып жүр.

Сын айтсаң «Біз осы арқылы қазақты жаһанға танытып жүрміз» деп кеуделейді. Олар қазақты емес, діліміздің діңгегі қара домбыраның әкесін танытып, әпербақан аспапқа айналдырып жүр. Өз баламыз танып алсыншы, әлемді содан соң көрерміз...

Фото: today.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.